Кәсіби парызын орындағаны үшін үлкен алғыс

Кәсіби парызын орындағаны үшін үлкен алғыс

Әр адам үшін алғыс сөздерді есту — бұл жұмыстың маңыздылығы мен тиімділігін, кәсіби қасиеттердің жоғары бағасын растау. Ал егер бұл сөздер ұжым басшысына, пікірлестер тобына арналған болса, бұл екі есе құнды...
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, 2019 жылғы 29 желтоқсанда СҚО ТЖ департаментінің 112 жедел кезекшісіне Қызылжар ауданының аумағы бойынша өтетін Республикалық маңызы бар М-51 «Челябі-Новосибирск» автожолының 506 шақырымында төтенше жағдай туралы ақпарат түсті. Автоцистернада 17 тонна метан тасымалдаған «Mersedes» жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға аударылып кеткен. 
Көлік құралының деформациясы және цистернаның герматизациясы болмағандықтан, алайда қауіпсіз жүгі бар көп тонналы жүк көлігін жол төсеміне «қою» тәуекелдің үлкен үлесімен ұштасқан күрделі міндет болып шықты. Жол учаскесі автокөлік қозғалысы үшін жабық, жол полициясы, жедел медициналық көмек экипаждары, өрт сөндірушілер бөлімшелері бар машиналарды қоршап алу және тәулік бойы кезекшілік ету ұйымдастырылды.

«Жалпы күшпен апат орнында қауіпсіздік ескертілді, көп тонналы крандар мен қосалқы техниканың келуі, апат орнына кірме жолды тазалау, крандар орнату үшін алаңдарды теңестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Ақырында, мұқият дайындалғаннан кейін жүк көлігінің өзі, содан кейін цистернасы бар тіркеме қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, автожолдың жүру бөлігіне тасымалданды. Бұл жұмыс ойдағыдай тиянақты жүргізілді, себебі аздаған қателік жарылысқа әкелуі мүмкін...», — деп жағдайға түсініктеме берді дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рүстем Жұмағалиев.

Жақында СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына «Global Gas Regasification» ЖШС директоры атынан алғыс хат келіп түсті, онда ол қолданылып жатқан жою шараларын сапалы әрі сауатты ұйымдастырған, ТЖ қызметкерлерінің жеделдігін, бастамашылдығын және орындаушылығын, сондай-ақ осындай қауіпті жағдайды шешуге тартылған барлық адамдарды атап өтті.

«Ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, «Global Gas Regasification» ЖШС-ға, яғни, газ тиелген жартылай тіркеме-цистернаның меншік иесі болып табылатын, Сізге және Департамент қызметкерлеріне жол-көлік оқиғасы нәтижесінде қалыптасқан стандартты емес жағдайды ұйымдастыруды және шешуді қамтамасыз етуде жеделдігі, кәсібилігі үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар, Сіздерді және Департамент қызметкерлерін келген 2020 жылмен құттықтап, Сіздердің қыйын да қауіп-қатерге толы жұмыстарыңызда сәттілік тілейміз!»- «Global Gas Regasification» ЖШС директоры П. Саулиди жазған алғыс хатында құтқарушылардың жұмысына жоғары баға беріп, халықты апаттардан және сан алуан апат түрлерінен қорғау бойынша одан әрі жемісті жұмысқа бағыттайды.

СҚО ТЖ департаментінің ішкі және сыртқы 
коммуникация тобы