Қызылжар ауданында өрт қауіпсіздік сенбілігі

Қызылжар ауданында өрт қауіпсіздік сенбілігі

Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлердегі өрт саны күрт өсуде. 2019 жылдың қортындысы бойынша тұрғын үй секторларында 77 өрт тіркелді, оның ішінде ауданның 5 азаматы қаза тапты.

Өрттің негізгі себептері:

  • Пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
  • Электр жабдықтарын монтаждау және техниканы пайдалану ержелерін бұзу;
  • Үй иелерінің отпен абайсыз болуы;
  • Тұрмыстық газ құрылғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережесін ұстанбау;

Сонымен қатар пешті пайдалану ережелерін бұзу жағдайлары анықталды, атап айтқанда пеш ысырмасының мерзімінен бұрын жабылуы, бұл негізінен улы газбен улануға және оның пайда болуына әкеп соғады. Осыған байланысты Қызылжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Бескөл а. №13-ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп өрт қауіпсіздігі сенбіліктерін белсенді өткізеді. Әр сенбі сайын тұрғын үй секторларын аралау жұмыстары өткізіліп отырады, онда тұрғындарға жылыту құралдарын пайдалану уақытында қауіпсіздік ережелері және тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамалар таратылып, улы газбен уланудың алдын алу туралы ескертіледі.

Сондай-ақ, барлық тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат жеткізіледі.

Өрт қауіпсіздігі саласында халықты жаппай үгіттеу мақсатында Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастырады.

Әділхан Қазытай
Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты