Тұрғынүй секторларында профилактикалық жұмыстар

Тұрғынүй секторларында профилактикалық жұмыстар

Аймағымыздағы өрттердің күрт өсуіне және олардағы адамдардың қайтыс болуына байланысты ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Аққайың ауданының ТЖ бөлімі мен № 9 ӨСБ қызметкерлері Смирново ауылының тұрғын үй секторларын айналып өту үшін үнемі профилактикалық жұмыстарын жүргізп отырды.

Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері прафилактикалық жұмыстары барысында жылыту пешінің жағдайына, электр желілері мен құралдарына сондай-ақ тұрмыстық газ құрылғыларының жай-күйіне ерекше назар аударды. Өрт қаіпсіздігі ережелері сқталмаған тұрғын үйлермен пәтерлер қатаң бақылауға алынды.

Өрт қауіпсіздігі сенбілігі кезеңінде барлығы 228 адамды қамтитын 100 тұрғын ұй тексерілді,оның ішінде 28 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер. Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары белгіленген 100 дана жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Пештің жылыту көзі ғана емес сонымен қатар оттың жану ошағы екендігін азаматтар ұмытпаған жөн. Көбіне пеш қараусыз қалғандықтан оның қауіпі арта түседі. Пәтер жалдаушылар мен үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытатындығы алаңдатады. Тағы да бір жайт бұл пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ержелерін бұзу, тіпті өте дұрыс жылыту құралы кезінде де қиындықтар болады. Пештерді бензинмен, керосинмен және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтармен жағу, ұзындығы отын көлемінен асатын отындарды пайдалану, сондай-ақ пештерді қыздыру жиі өртпен аяқталып жатады.

Өрттің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу, адамдардың қаза болуын, жарақаттануын болдырмау үшін Аққайын ауданының ТЖ және №9 өрт сөндіру бөлімі аталмыш бағыттағы жұмысты жылыту маусымының соңына дейін жалғастырады.

Е. Шәріпов
Аққайың ауданының ТЖ бөлімінің
бастығы азаматтық қорғау подполковнигі