
Қысқы кезеңге дайындық ҚР ТЖМ аумақтық органы мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. 8-10 желтоқсан аралығында Айыртау, Ғ.Мүсрепов, Шал ақын және Тимирязев аудандарына жоспарлы жұмыс сапары барысында, СҚО ТЖ департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы майор Мұрат Қанғожинов республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарды қардан тазартуға, сондай-ақ қар құрсауынан автокөлік пен жолаушыларды эвакуациялауға арналған арнайы техниканың дайындығы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Департаментің аудандық бөлімшелердің басшы құрамын ротациялау шеңберінде, Мұрат Серікұлы облыстың бірнеше аудандарында жеке ТЖ бөлімдерінің жаңадан тағайындалған басшыларын аудан әкімдіктеріне, Департаментің құрылымдық бөлімшесінің жеке құрамына таныстырды. Ол СҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасының қыс мезгілінде ТЖ алдын алуға дайындығымен танысты. Сондай-ақ, ол су тасқыны қаупі бар аумақтардағы су өткізу құрылыстарын, автожолдарда қардан қорғау қалқандарын орнатуды тексерді, жағдайдың қолайсыз дамуы кезінде қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.
Сапар барысында аумақтық бөлімшенің басшысы тек уақтылы қабылданған шаралар ғана халықты сенімді қорғауға, ықтимал ТЖ-ның дамуына жол бермеуге қабілетті екенін атап өтті. «Ең бастысы - ауылдардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, қысқы қауіп-қатерді азайту»,- деді Мұрат Қанғожинов.
СҚО ТЖ департаментінің
Қоғаммен байланыс тобы