Ашық есік күні

Ашық есік күні

Өрт қауіпсіздігі айлық шеңбері аясында Петропавл қаласының № 4 өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті. Аталшыш күні қаламыздың № 42 орта мектебінің оқушылары өрт сөндірушілердің қонақтары болып қайтты. Алдымен кездесу барысында балалрмен таныстыру және профилактикалың әңгіме жүргізілді. Балалар, сондай-ақ олардың жетекшісі өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық қару-жарақтар мен жабдықтардың мүмкіндіктерімен таныса отырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Осы іс-шара аясында бөлімнің қарауыл бөлімшелерінің өрт сөндіру дағдылары көрсетілді. Содан кейін балалар өрт сөндірушілердің рұқсатымен арнайы әскери киімді киіп қана қоймай, қызығушылықпен өрт сөндіру көлігіне отырып, бөлімшенің ішін аралап шықты.

Сонымен қатар қызметкерлер балалармен өртке қарсы тақырыпта әңгіме жүргізіп және «101» телефонына қоңырау шалып бұзақылық жасау туралы ескертті. Балалар өрт қауіпсіздігі ережелерінің негіздерін толық білгенін атап өткім келеді, сондай-ақ, мектеп бітіргеннен кейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке түсуге ниет білдіргендер қатары аз болмады.

Кездесу соңында өрт сөндірушілер мен оқушылар жылы тілектермен алмасып, әрбір бала «өрт сөндіруші және құтқарушы» журналын, сонымен қатар балалардың отпен ойнауы бойынша өрттің алдын алу бойынша жадынамаларды алды.

Чуенков С.
Петропавл Қ. 4-ӨСБ қарауыл бастығы
азаматтық қорғау аға лейтенанты