
Өрт салдарынан болатын ықтимал залалды азайту, сондай-ақ адамдардың өрттен қаза болуын болдырмау және тұншықтырғыш газбен улануды жіберу мақсатында Петропавл қаласы ТЖ басқармасы мен аудандық ТЖ бөлімдерінің жеке құрамы, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі сенбіліктерін тұрақты түрде өткізеді. 11 қаңтарда СҚО қалалары мен селоларының жеке секторындағы кезекті рейд барысында халыққа жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері жеткізілді, пешпен, электр құралдарымен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді, жадынамалар таратылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерге баруға ерекше көңіл бөлінді. Оларға өртке әкеліп, зиян келтіруі мүмкін бұзушылықтар көртсетілген. Көбінесе мұндай бұзушылықтар: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде (оттықтың алдындағы парақша, түтін құбырының бітелуі) және т.б. Сондай-ақ осындай отбасыларға өрт немесе түтіндеу кезінде қаза болудың алдын алу мақсатында автономды улы хабарлағыштар (құрылғылар) орнатылды.
Әр отбасына балалардың отпен ойнауының қауіптілігі түсіндіріліп, балалар құрбандары болған өрт мысалдары келтіріліп, өрт және ТЖ туындаған кездегі іс-әрекеттер алгортмі түсіндірілді.
СҚО ТЖ департаментінің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы