
Мүмкін болатын өрттердің алдын алу, қаза болу және жарақат алу фактілерін болдырмау және тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қосымша түсіндіру мақсатында СҚО ТЖД Петропавл қ. ТЖБ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп апта сайын жалғыз тұратын, аза қамтылған және қолайсыз отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлер бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Тұрғын үйлердің тұрғындарымен пешті пайдалану, электр желілерін ұстау және электр, газ аспаптарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімелері жүргізіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өрттердің көбі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғын үйлерде орын алады. Рейд жүргізу кезінде пешті, газ құралдарын және электр жабдықтарын ұстау мен пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Өрт кезінде улы газ үлкен қауіп төндіреді, ол жану өнімдерінің ыдырауы кезінде бөлінеді.
Улы газдың түсі де, иісі де жоқ, сондақ-ақ адам ағзасы үшін аса улы болып табылады.
Әрбір үй иесіне тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі шаралары және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықтың іс-әрекеттері туралы жадынамалар таратылды.
Дамир Айтбаев
Петропавл қаласының ТЖБ инженер стажері