
Шал ақын ауданының ТЖ бөлімі 2019 жылдың басынан аудан аймағында материялдық шығыны 2 млн 525 мың 658 теңгені құрайтын (2018 жылға — 2 милн 150 мың теңге залал) 31 өрт оқиғасы тіркелді (2018 жылы 12 айдаың аралығында 18 өрт) тіркелді. Өрттің салдарынан, құрылыстар мен автокөліктер зақымданып, жойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Шал ақын ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Сергеевка қ. № 6 — ӨСБ тұрғын үй және пәтерлерді тексеру барысында олардың өртке қарсы жағдайы қанағаттанғысыз күйде қалатынына тағі бір мәрте сендірді. Алдын-алу жұмыстары барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің көптеген бұзушылықтары анықталды.
Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторларында тіркелді. Тұрғын үйлер, аула құрылыстары, моншалар иелерінің салғырттықтарынан жанып жатады. Көбінесе өрт бөлiмiнен алыс жерлерде орналасқан елді мекендерде өрт шыққанжағдай өрт сөндіру бөлімі жеткенше, ғимараттар түгелдей өртпен жойылады.
Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстануға шақырады, атап айтқанда:
Егерде аудан аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, 101 немесе 112 телефонына хабар берудi сұраймыз.
Е.Мусин
СҚО ТЖД Шал ақын ауданы ТЖБ
аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты