Аудан тұрғындарының назарына!!! Егер «112» хабарлама келіп түссе дауылды ескерту туралы

Аудан тұрғындарының назарына!!! Егер «112» хабарлама келіп түссе дауылды ескерту туралы

СҚО ТЖД Шал ақын ауданы ТЖ бөлімі «112» ұялы телефонынан дауылды ескерту туралы хабарлама келіп түскен кезде азаматтардан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының ауа райы күрт өзгеріп отырады, сондықтан да апат салдарынан сіздің денсаулығыңызға немесе өміріңізге зиян келуі мүмкін. Туған- туысқандарыңызбен жақындарыңызды қандай бағытта және қандай жолмен жүретініңізді ескертіңіз. Міндетті түрде қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. Ауа-райын мұқият қадағалап отырыңыз. Құрметті жүргізушілер, егер дауылды ескерту туралы «112»-ден телеыондық хабарлама келіп түссе, аса сақ болыңыз және қолайсыз ауа райында жол жүруден бас тартыңыздар, егер де жолға шыққан жағдайда — көлік құралын күрекпен, арқанмен, жеткілікті отын қорымен жинақтап, ыстық шаймен термоспен, зарядталған ұялы телфонмен, ТЖ аймағында көрсетілген жағыдайда жылыну мүмкіндігі үшін жылы киімдерді өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз.

Есіңізде болсын! Сіздің өміріңіз — сіздің қолыңызда!

Омаров Б.
СҚО ТЖД Шал ақын ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі