СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде бастықтың жаңа орынбасарын таныстырды

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде бастықтың жаңа орынбасарын таныстырды

2020 жылғы 4 желтоқсанда СҚО ТЖ департаментінің акт залында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына жаңадан тағайындалған полковник О. М. Әбдірахмановтың ұсынысы өтті.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен генерал-майор Ю.В. Ильин Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына бұрын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту  және азаматтық қорғау саласындағы  бақылау басқармасының бастығы лауазымын атқарған полковник Орал Мүттахиденұлы Әбдірахманов тағайындалды.

О. М. Әбдірахманов 1976 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін, 2005 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын,  2017 ж. Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.

Орал Мүттахиденұлы 1997-1998 жылдары Павлодар облысы МӨҚҚБ №1 МӨСБ аға инженері болып жұмыс істеді.

1998-2001 жылдары Ақмола облысы МӨҚ №1 ӨСБ мемлекеттік өрт қадағалау аға инспекторы лауазымында жұмыс істеді. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы МӨҚ №1 ӨСБ мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау аға инстпекторы. 2003 жылдан 2004 жылға дейін Астана қаласы өрт қадағалау басқармасының Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасының аға инспекторы, 2004 жылдан 2005 жылға дейін нормативтік-техникалық бөлімінің инженері. 2005 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласының мемлекеттік өрт қадағалау қызметінің лицензиялау бөлімінің бастығы. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы, 2011 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы ТЖД АІЖК бөлімінің бастығы болды. 2014 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы. 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР ІІМ ТЖК АҚҚАБ ӨҚБ бастығы.

«Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемесінің бастықтарына О.М. Әбдірахмановты таныстыра отырып, СҚО ТЖ Департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау майоры Мұрат Қанғожинов Орал Мүттахиденұлының ТЖ алдын алу және жоюдағы практикалық мол тәжірибесін атап өтіп, оған жұмыста табыс тіледі. Өз кезегінде Орал Әбдірахманов халықты табиғи және техногендік ТЖ-дан қорғау бойынша бірлескен тиімді жұмысқа сенім білдірді.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

қоғаммен байланыс тобы