
Өткен аптада СҚО ТЖ Департаментінің акт залында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің бастығының орынбасары лауазымына жаңадан тағайындалған майор М.С. Кангужиновты таныстыруы өтті.
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің генерал-майоры Ю.В Ильиннің бұйрығымен, бұрын Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығының міндетін атқарған Мұрат Серікұлы Кангужинов Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
М.С. Кангужинов 1985 жылы 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Корнеевка ауылында дүниеге келген. 2008 ж. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2017 ж. Ресей Федерациясы азаматтық қорғаныс істері, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою жөніндегі министрлігінің азаматтық қорғау Академиясын бітірген.
Мұрат Серікұлы 2011 жылдан 2014 жылға дейін СҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-шараларын жоспарлау, төтенше жағдайларды жою бөлімінде жұмыс істеді. 2014 жылдан 2017 жылға дейін СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері лауазымында жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары болды. 2019 жылдан 2020 дейін азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, қайта құрылғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығының міндетін атқарушы қызметін орындады.
«Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің бастықтарына М.С. Кангужиновты таныстыра отырып, СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов Мұрат Серікұлының ТЖ алдын алу және жоюда үлкен практикалық тәжірибесін атап өтті және оған жұмыста табыс тіледі. Өз кезегінде Мұрат Серікұлы халықты табиғи және техногендік ТЖ - дан қорғау бойынша бірлескен тиімді жұмысқа сенім білдірді.
Төтенше жағдайлар Департаментінің
Қоғаммен байланыс тобы