СҚО-да Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

СҚО-да Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Петропавлда Құтқарушылар күні атап өтіліп, СҚО ТЖД-ның үздік қызметкерлері марапатталды.

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар қызметкер марапатталды. Оларға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, «Құтқарушы» және «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілері, еңбек өтілі мен ерлігі үшін медальдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ТЖД мен облыс әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Оларға жақындарының ерлігі мен жанқиярлығына көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде қолдау көрсетілді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі тақырыбында өткен мектеп оқушылары арасындағы бейнероликтер байқауының № 7, 25 және 43 мектептерден қатысқан жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты іс-шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.