Петропавлда құтқарушылар шартты өртті сөндіру және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын пысықтады.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу А. Серов атындағы филармония базасында өткізілді. Оған 67 жеке құрам қызметкері және өрт сөндіру және арнайы мақсаттағы 14 техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар барлау жүргізу, адамдарды эвакуациялау және құтқару, өрт сөндіргіш заттарды беру, шартты өртті жою, сондай-ақ бөлімшелердің өзара іс-қимылы мен өрт сөндіру штабының жұмысын пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында нысанның өрт туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығы, эвакуациялық жолдардың, кіреберіс жолдардың және өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жай-күйі тексерілді.