
Өрт оқиғаларының басым бөлігі қыс мезгілінен бастау алады, бір сөзбен айтқанда жылыту маусымының басталысымен. 2019 жылдың өткен кезеңінде Қызылжар ауданының аумағында шығыны 3 миллион 768 мың 544 теңгені құрайтын 97 өрт жағдайы тіркелді. Өрт салдарынан 5 адам қаза болды, оның ішінде 1 бала. Өрттің негізгі бөлігі тұрғын үй секторына келеді, бұл жалпы өрттердің 75% құрайды.
Суық күндердің басталуымен тұрғын үй секторларында өрт пен жану оқиғалары күрт өседі. Оның себебі неде? Ең алдымен, ол үй иелерінің пешті жағу тәртібін сақтамауы, себебі олар таңертеңнен кешке дейін жылу жеткілікті болатындай етіп пешті жағуға тырысады.Отын, түтін мұржалары мен құбырлардың қабырғалары қауырсынының нәтижесінде өрт себебі болуы мүмкін.
08 қаңтар Бескөл аудан орталығығның ТЖ бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторларын аралап үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына улы газды анықтау құрылғыларын орнату жұмыстары жалғастырылды.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өрттердің туындауы мен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, атап айтқанда улы газбен уланудан жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:
Үгіт-насихаттық жұмыс барысында тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Аталмыш бағыттағы жұмыс жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Данияр Қалелұлы
Қызылжар ауданының ТЖ бөлімінің
бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты