Өрт қауіпсіздік сенбілігі

Өрт қауіпсіздік сенбілігі

Өткен аптада Аққайың ауданының ТЖ бөлімі және Смерново а. № 9ӨСБ қызметкерлерімен бірлесе әлеуметтік қызметкерлердің және учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен Смирново ауылының тұрғын үй секторын аралау жүргізілді. Іс-шара барысында жалғз басты зейнеткерлер мен мүгедек жандарға, аз және көп балалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінді.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде пешпен жылыту, электр желілері мен құралдарының жағдайына, сондай-ақ тұрмыстық газ құрылғыларының жай-күйіне назар аударылды.Сонымен қатар өрт қауіпсіздік талаптарын бзу анықталған үйлермен пәтерлер ерекше бақылауға алынды.

Қорытындылай келе өткізілген «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» іс-шара аясында барлығы 427 қамтитын 180 үй тексеріліп жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес 180 жадынамалар мен буклеттер тартылды.

Шарипов Е.
Аққайың ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі