
«Мереке күндері» — өзіңді босаңқы ұстау себеп емес»,- Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері осындай пікірде. 2020 жылғы 7 қаңтарда Петропавл қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің алаңында Департаменттің, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Петропал қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Игорь Балеевтің басшылығымен еріктілердің сапқа тұруы өтті. Игорь Анатольевич жеке құрамға аулаларды аралау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқау берді, сондай-ақ облыс бойынша жедел жағдайды жеткізді. Ол СҚО жыл басынан бастап отта 4 адам, олардың екеуі балалар қаза болғанын атап өтті.
Өрт қауіпсіздігі сенбілігіне келген жас ерікті-балалар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен топтарға бөлініп, облыс орталғы Подгора ауданның жеке секторын әдістемелік түрде аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, жадынамлар тарата, 101 және 112 телефондары туралы еске салды. Тухачевский көшесі бойынша көп пәтерлі екі қабатты үйде оның тұрғындарының рұқсатымен Игорь Балеев пен Асхат Жасұланов шатырға көтеріліп, пеш мұражаларын қарап шықты, оның барысында бұзушылықтар анықталды. Пәтер иелеріне оларды жоюға ұсыныстар берілді.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді. Есіңізде болсын, қауіпсіздік сіздің қолыңызда.
Ә.Сүйіндікова,
СҚО ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ аға инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты