
Бүгінде өрт сөндіру қызметі тұла бойлы және іштей дайындықты, сонымен қатар жұмысына деген жауапкершілікті, өжеттілікті талап етеді. Қандайда бір апаттық жағдай болмасын көмекке ең бірінші болып қайсар өз ісінің шеберлері жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиля Камаловтың атына «COFCO International Astyk» ЖШС ұжымынан алғыс хат келіп түсті. Олар Аққайың ауданы № 9 ӨСБ қызметкерлерінеорын алған өрт жағдайын жою барысында көрсеткен кәсібиліктері мен жеделдіктері үшін алғыс сөзін білдірді. Сндай-ақ ұжым өрт сөндіру барысындағы ТЖ-дан келетін шығынды азайтуға мүмкіндік берген жылдамдықпен дайындық деңгейін ерекше атап өтті.
«Құрметті Рамиль Фаткулович! «COFCO International Astyk» ЖШС ұжымы Сізге Аққайың ауданының №9 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көрсеткен ерлігі, кәсібилігі және жедел әрекет еткені үшін үлкен алғыс білдіреді. Алдағы уақытта жұмыстарыңыздың жемісін көріп, , сарқылмайтын күш-қуаттарыңыз бен дынсаулықтарыңыз мықты болып шын жүректен тілектестігімізді қабыл алыңыздар » — деген жылы сөздерімен ЖШС ұжымы Алғыс хатты аяқтады.
Жанар Ибраева
СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының тілшісі