Улы газ қауіпті!

Улы газ қауіпті!

2020 жылдың 7 қаңтарында Мамлют ауданының ТЖ бөлім және №15 ӨСБ  қызметкерлері өрт қауіпсіздік ережелерін насихаттауға бағытталған кезекті іс-шара жұмыстары өткізілді. Аталмыш үгіт-насхаттық шараның мақсаты тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуы болып табылады.

Сонымен, нұсқама жүргізілгеннен кейін қызметкерлер топтарға бөліне 
отырып (өрт қауіпсіздігі инспекторларының қатысуымен құрылған) және арнайы бекітілген көшелер бойынша тұрғын үй секторын аралап шығуды бастады.

Рейд жүргізу барысында тұрғындарға жылыту пештерін пайдалануға, тұрғын үй кешендерінде электр қуатын өткізуге қатысты өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары түсіндірілді. Жалпы алғанда үгіт-насихаттық жұмыстар барысында 283 адамды қамтитын 121 үй араланды.

Мамлют ауданының ТЖ бөлімі аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді, өйткені оған немқұрайлық танытқан жағдайда оның салдары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Кенжебек Қожахметұлы
Мамлют ауданының ТЖ бөлімінің
аға инженері