Демалыс күні тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін қамтуға бағытталған

Демалыс күні тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін қамтуға бағытталған

Қыс мезгілінің басталуымен өрт апаттары және улы газбен улану салдары жиі корын алып жатады. Жүргізіліп тұратын үгіт — насихаттық жұмыстарға қарамастан,аталмыш оқиғалар саны жылдан жылға арту үстінде.

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу аясында, жылдың суық мезгілінде жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт және тұншықтырғыш газбен улану оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында, 2020 жылдың 7 қаңтарында Мағжан Жұмабаев ауданы ТЖ бөлімі және Булаев қ. №12 ӨСБ қызметкерлері тұрғын үй секторларында үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихаттық жұмыстар барысында аса басты назар халықтың әлеуметтік осал топтарына, тұрмысы нашар отбасыларына, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек жандарға, сонымен қатар ішімдікке тәуелді тұлғаларға аударылды. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша аулаларды аралу жүргізілді, себебі көбіне және тұншықтырғыш газбен улану оқиғалары дәл сол жерлерде орын алып жатады.

Жылыту маусымында өрттердің және улы газбен уланудың негізгі себептері — жылыту пешін қолданған кезде ережелерді бұзу, ақаулы газ және электр жылыту құралдарын қолдану сондай-ақ халықтың отпен абайсыз болуы. Тұрғындар арасында үгіт-насихаттық жүмыстарын жүргізу барысында әрбір азаматқа тұрғын үй секторыындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері жеткізілді, сондай-ақ пеш және электр жабдықтары тексерілді. Аталмыш бағыттағы үгіт-насихаттық жұмыстар жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.

А. Кусаинов
М. Жұмабаев ауданының ТЖБ
инженері азаматтық қорғау лейтенанты