Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңа жыл мерекелері қарсаңында жедел жағдайды жариялау бойынша брифинг өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңа жыл мерекелері қарсаңында жедел жағдайды жариялау бойынша брифинг өтті

2020 жылғы 5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа жылдық мерекелерге орай Солтүстік Қазақстан облысындағы өрттермен байланысты жағдайдың мәселелері қарастырылған брифинг өтті. Брифингті аша отырып, СҚО ТЖ департаменті азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Игорь Балеев қаралып жатқан мәселелердің маңыздылығына және облыс халқының қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етудің маңыздылығына БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Спикер жаңа жылдық мерекелер оқиғасыз өтпегенін атап өтті: «Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде 2019 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін 7 өрт, пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы 1 өрт, тұрғын үй секторында 5 өрт (3 адам қаза тапты, олардың екеуі балалар), 1 көлік».

Өрттердің негізгі үлесі тұрғын секторға тиесілі, өткен жылы материялдық шығыны 46 млн.теңгені құрайтын 516 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, отпен абайсыз болу, жылыту пештерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады.

Брифинг соңында Игорь Балеев жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында сақтық шараларын сақтау, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, пештерді, электр және газ жабдықтарын дұрыс пайдалануға, балалардың отпен ойнауына жол бермеуге баса назар аударды.

Сүйіндікова Ә.
СҚО ТЖ департаментінің
зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасының аға инженері