
2020 ж. 06 қаңтарда 10 сағ. 44 мин. «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «101» пультіне 308 Қызыләскер полкі көшесінің 31-ші, (Подгора шағын ауданы), мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің шатырынан түтін шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Шақырту орнына Петропавл қ. № 1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі 3 бірлік техника және жеке құрамның 14 адамы шықты. ТЖ орнына келгеннен кейін 10 сағ. 51 минут ішінде тұрғын үйдің шатырынан түтін шығып, сонымен қатар үйдің ішін қатты түтін басқаны анықталды. Өрт куәгерлерінің айтуынша, үйдің ішінде үй иелері болу мүмкіндігін айтты.
Өрт сөндіру барысында дәлізде жану өнімдерімен уланған 1970 ж.т. ессіз күйдегі әйел адамның денесі табылды. Жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған зардап шегуші, көрсетілген көмекке қарамастан қаза болды.
Өрт 11 с. 01 мин. ауыздықталды, 11 с. 19 мин. сөндірілді.
Өрт салдарынан жиһаз бен тұрмыстық техника жойылды, үйдің жалпы жабылуы байқалады. Өрттің жалпы ауданыт — 5 м2. Өрттің алдын ала шығу себебі — отпен абайсыз болу. Соңғы себеп пен залал анықталуда.
СҚО ТЖ департаменті электр жабдықтарын және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді.Олардың бұзылуы қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін.
СҚО ТЖ департаментінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы