
«Жұқа мұз» - абай болыңыз! Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының сүйікті уақыттарының бірі әсіресе күзгі- қысқы кезеңде - балық аулау. Ауа райы болжамы бойынша қараша мен биылғы қыс суық және ұзаққа созылады деп күтілуде. Өз қауіпсіздігіңіз үшін, балық аулау кезінде мынаны білуіңіз қажет: балық аулауға барған кезде туыстарыңызға дәл қандай су айдынына бара жатқаныңыз туралы хабарлау керек; өзіңізбен байланыс құралдары, жылы киім, азық-түлік (су), негізгі дәрі-дәрмектер, қол астындағы құралдар (фонарь, жіп, пышақ және сіріңке) болуы қажет; мұздың қалыңдығы 10 см және одан жоғары қауіпсіз деп саналады, мұздан адамдар топтасу өту кезінде 5-6 метр қашықтықты ұстаңыз, көлік құралдарының мұзға кіруі ұсынылмайды; жарылған мұз бойынша салмақты біркелкі ұстау үшін бүйірден бүйірге сырғанау арқылы қозғалу жақсы; егер сіз қайықпен жүзсеңіз, онда өзіңізбен бірге үрлемелі кеудеше немесе шеңбер болуы тиіс, қамыс аймағына жүзбеңіз, түнгі балық аулаудан аулақ болыңыз. Ұялы байланысы жоқ су қоймаларының жанында «112» желісі бойынша тегін көмекке жүгініңіз. Есіл ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты И. Каменов