
СҚО ТЖД жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерт
Жұмыстың тиімділігі тұрақты алдын алып ескерту және тәлімгерлік жұмыссыз мүмкін емес. Мінсіз қызметтің іргетасы - тұрақты жауынгерлік, моральдық-психологиялық, қызметтік-дене шынықтыру дайындығы.
2020 жылдың 4 тоқсанына арналған қызметтік іссапарлар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26-28 қазан аралығында Департаменттің кадр саясаты бөлімі СҚО Айыртау, Тимирязев және Ғ.Мүсірепов аудандарының бөлімшелеріне шығуды жүзеге асырды. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесу кезінде кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев инспекторлық құраммен, оның ішінде жас қызметкерлермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын және күнделікті қызметте пайдаланылатын заңнамалық актілерге тиісті өзгерістерді тұрақты зерделеу қажеттігі туралы ақпаратты олардың назарына жеткізді.
Жеке құрамның қысқы киім нысанына көшуіне байланысты жас қызметкерлердің сыртқы келбетіне баса назар аудара отырып, нысанды киім кию, үлгілі сыртқы келбетті қолдау бөлігінде жеке құрамның байқаулары өткізілді. Нұрлан Сейітжанұлы еңбек тәртібінің сақталуын, қызметтік куәліктер мен жетондардың, қызметтік және жеке көлік құралдарына арналған құжаттардың болуын тексерді. Сондай-ақ, санитарлық бекеттердің жұмыс істеуі, бетперде мен қолғап кию, басқа да қажетті карантиндік шаралардың сақталуы тексерілді.
Сонымен қатар, басшылық құрамның жеке-тәрбие жұмысы журналдарын дұрыс толтыруы тексерілді, 2020 жылдың 9 айында азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы шолулар жеке құрамның назарына жеткізілді.
Көктайғақ кезеңінің басталуына, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты кадр саясаты бөлімінің бастығы қызметкерлерді сақ болуға, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Бұл жұмыс басқа аудандық бөлімшелерге бару арқылы жалғасатын болады.
Кадр саясаты бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақпал Әлімкина