«Өрт сөндірушілер қатарында кездейсоқ адамдар болмайды!»

«Өрт сөндірушілер қатарында кездейсоқ адамдар болмайды!»

Нұрлан КӨЛБАЕВ «Өрт сөндірушілер қатарында кездейсоқ адамдар болмайды!»

Құтқарушылар – бұл сөзде неткен мағына! Бұдан асыл мамандық табу қиын. Дәл осы адамдар өрттерді сөндіреді, адамдар мен жануарларды бәледен құтқарады, азаматтардың мүлкін қорғайды. Бұл тұлғалар ең үрейлі апаттардың бірі - оттан қорықпайды. Үлкен тәуекел мен қиындықтарға қарамастан, күн мен түннің кез келген мезетінде олар өзгелер үшін құрбан болуға дайын және басқа болуы мүмкін емес. Олар үшін адам құтқару – шын қуаныш пен ерлік, ал тым болмаса бір өмірді жоғалту – тұтас трагедия.

Атап ету керек, дәрігерлер, полицейлермен бір шепте құтқарушылар коронавирус пандемиясының соққысын өздері қабылдап оның салдарымен күресуге көмектесті. Бұл адамдардың көздерінде үрей жоқ, ішкі қуат, батылдық және кез келген сәтте көмекке келуге асығу.

Қазақстанда 19 қазанда Құтқарушылар күні  мерекеленеді, ал азаматтық қорғау органдары осыған қоса ведомствоның құрылғанына 25-жылдығын атап өтеді. Қос мерекенің құрметіне «Проспект СК» газетінің тілшісі «СҚО ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Көлбаевпен кездесіп, өрт сөндірушінің қызықты әрі қиын тағдыры туралы тыңдады.

Бір шешім - өмір бойына

«Әкемнің мені өрт сөндірушіге оқыту жөніндегі шешімі өте маңызды болды. Ол өмірімді күрт өзгертті, алайда тыңдағаным үшін мен разымын және мұны жақсы сезіндім» - Нұрлан Көлбаев осы сөздерден өз әңгімесін бастады.

Ол Тайынша ауданы Заречное селосында келешекте балалары кім болатынын ересектер шешетін консервативті отбасында дүниеге келген. «Отбасымда әрқашан ата-аналар баласына кәсіпті таңдауы тиіс болатын. Әкем бірден мені өрт сөндіруші болады деп шешті. Көкем – зейнеттегі өрт сөндіруші еді, ол үлгі болды. Осылайша менің өмір жолым анықталды» - деп жалғастырды Нұрлан Төреханұлы.

17-жасар бозбала оны не күтіп тұрғанын білмесе де, бірақ  жаны ерлік жасауды қалады. Жас жігітке бұл кәсіп ұнады, себебі өмірдің белсенді түрін, тұрақты қозғалысты өзі жасы көрді. Алайда Нұрлан Төреханұлы қаһармандық фильмдерде көрсететіндей бәрі оп-оңай емесін ол кезде білмеген.

Мектептен кейін Нұрлан Көлбаев Алматы өрт – техникалық училищесіне түсті(ол кезде атауы солай болған). Көкшетауда сол уақытта – ҚР ТЖ  Мемлекеттік комитетінің өртке қарсы және авариялық-құтқару жұмыстарының Көкшетау жоғарғы техникалық училище филиалы ашылған болатын. «Оқуға түсу үшін өтініш жазған кезімде атауы үшін оны бірнеше рет қайта жазуға тура келді. Бұл өте күрделі іс болды, қатты абыржыдым. Сосын бұл атауды жатқа білу қажет болды. 1997 жылдан бері бүгінгі күнге дейін оның атауын жадымда жақсы сақтадым, себебі оны біз жиі қайталап жүрдік. Ал қазір ол Көкшетау техникалық институты болып өзгерді, студенттердің жолы болды» деп әзілдейді Нұрлан Төреханұлы.

Идара басшысының айтуынша «оқу өте қиын болды, әсіресе күн режимін ауыстыру және әрбір күні сағат 6-да тұру. Оқу алдында барлық абитуриенттер бір ай жаттығудан – жас жауынгердің курсынан өткен. Өзен жағасында шатырларда ұйықтаған және тұрған, асты өздері әзірлеген. Лагерь шамамен қаладан 20 шақырым жерінде орналасқан. Менімен бір жылы 100-ден астам абитуриенттер оқуға түскен, алайда конкурстан тек 70 адам өтті, оның ішінде мен де болдым. Мен шынын айтсам өте талпындым, ата-анамды жерге қаратпауға тырыстым. Әлі есімде 26 қазан күні ант қабылдадық, мен өзіме разы болдым, ата-анам да қуанған. Бізді демалысқа шығарды, ал мен тек ұйқымды қандырып демалғым келді» леп есіне алады Н. Көлбаев.

Оқудың алғашқы күнінен бастап таңғы 6-да студенттер тауға дейін 16 шм-нан жүгірген. Ал оқыту үдерісі тек бейінді пәндері бар әскердегі қызметке ұқсас болды. 2001жылғы 26 қазан күні   Н. Көлбаев алғашқы лейтенант атағының погонын алып, қуанышы қойнына сыймады. «Оқыту кезеңінде көптеген қиындықтарды жеңе білдік. Сол кезде түсіндім, қаншалықты күрделі жұмыс екенін. Өрт кезінде қызметкерлер өткеретін адами-психологиялық және физикалық жүктемені ешнәрсемен салыстыру мүмкін емес. Әрбір өрт сөндіруші салмағы 16-20 кг тұратын киім-кешек пен жабдықты тасиды. Ол кезде бір ғана КИП-8 газтұтқышы ғана 15 кг болатын. Өрт бола қалса мұның бәрі суланып, одан бетер ауырлай түскен.

Азаматтық қорғау полковнигінің айтуынша, үшінші курстан бастап Көкшетаудың өрт сөндіру бөлімдеріне бөлімше командирлері лауазымына тағылымдамадан өтуші ретінде кезекшілікке шығып отырған. Кейін, 4-курста оқығанда – қарауыл бастықтары ретінде. Бұл уақытта олар өрт сөндірушілермен бірге оқиғаларға шығып, өрттер сөндіруге қатысқан. Нұрлан Төреханұлы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өрттерді сөндіруге қатысқанын айтты. Онда үлкен ауқымды ТЖ болып тұрған. 2-3 апта бойы орасан зор аудандар өрттерін сөндіруге тура келген. «Ол кезде қазіргідей заманауи техника болмаған,сондықтан ондай ахуалдарда қиын болған. Егер қазір суды жоғарыға техника көтерсе, біз ол кезде өзіміз арқаға 25-килограмдық суы бар сауытты киіп жоғарыға таситынбыз. Бұл бізге өзімізді көрсету мүмкіндігі болған. Өрт сөндіруге қатысу - партада отырғаннан гөрі біз үшін сан есе қызықты болды.  Уақыт өте келе осы қызмет – менің бейімділігім екенін түсіндім. Үнемі тонуста боламын, өмірдің белсенді ырғағында жүремін. Әлі күнге дейін нешеде жатсам да,  таңғы 6-да көзім ашылады, тіпті автоматты түрде» деп жалғастырды әңгімесін Н. Көлбаев.

Азапты мансап жолы

Оқу аяқталған соң білікті маман Ақжар ауданына қарауыл бастығы болып жолданды, ол жерде 9 ай жұмыс істеді. Бұл оның алғашқы жауапты міндеті болды. «Бір кезде мен 5 қызметкерді басқарудан бастадым, ал қазір ұжымымда шамамен 800 адам бар. Бұл зор жауапкершілік. Мен ұзын жолдан өтіп, әрбір жаңа тәжірибеге қуандым, еш өзгерістерден қорықпадым, - дейді Нұрлан Төреханұлы.

Ақжар ауданынан кейін ол Тайынша ауданының Келлеровка селосына өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы болып ауысты. Бір жыл сонда еңбек етті. Оның айтуынша, сол жылдары үлкен қар құрсауларын аршып, жойқын өрттерді ауыздықтауға тура келген, тұтас Тайынша ауданын қадағалау қажет болған.

Содан кейін Нұрлан Төреханұлы Тайыншаға өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы ретінде ауысып, тағы бір жыл қызмет өткерді. «Түрлі жағдайлар кездесті. Адамдарды құтқару барысында әрбір секунд қымбат, өзің үшін емес, құтқарылатын адамды уайымдайсың. Ол қауқарсыз екенін, ал сен керісінше, ол сеніп отырған жалғыз тұлға екеніңді сезінесің. Сіз мұны қандай қысым екенін түсінесіз бе? Әрине, тәуекел де бар, бұл даусыз, алайда мен ешқашан өзімді ойламадым, адамдарды құтқару міндеті мен жауапкершілігін сезіндім. Сәтсіздікке ұшырағанда, адамнан айырылғанда немесе үй толық өртенгенде уайымдадық. Әрбір өрттің қателерін талдадық, болашақта қалай іс-қимыл жасауымыз керектігін талқыладық» – деп жалғастырды өртпен күресуші.

Ол кездерде өрт қызметінде қазіргі сияқты психологтар, парамедиктер болмаған. Сондықтан өрт сөндірушілерге кез келген психологиялық немесе физикалық қысыммен өз бетінше арпалысуға, бір-біріне қолдау көрсетуге тура келді. Нұрлан Төреханұлы жас қызметкерлерді оқиға орнында жұбату қажет болғанын есіне алады, әсіресе өрттің салдарынан адамдар қаза тапқанда сезімдерге беріліп кеткен жігіттерді.

Біздің жарияланымның қаһарманы Тайыншада 2013 жылға дейін жұмыс істеген. Қызметінде қарауыл бастығынан бастап тұтас ауданның ТЖ бөлімі бастығына дейін жетті. Үш өрт сөндіру бөлімдерін басқарды: Келлеровка, Чкалов және Тайыншадаазаматтық қорғау полковнигінің қарамағында 90 село тұрғындары болды.

«Күндердің бірінде мен әрі қарай өсуге тиіспін деп шештім, сонда маған Ақмола облысына ауысуды ұсынды. Көп ойланбастан 2014 жылы сол жаққа көшіп, өзім сол кезде подполковник атағына ие болып жүргеніме қарамастан, ТЖ департаментіндегі ең төмен лауазымға – мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері болып жұмысқа кірістім. Қорықпастан, тәуекелге барып, жаңа лауазым алдындағылардан төмен болғанын елеместен. Ол жерде 9 ай жұмыс істедім және маған Бурабай ауданын басқаруды ұсынған. «Бұл курорттық аймақ әрі тұрғындар тығыз тұратын аудан» деп барлық туыстар айнытпақшы болғанымен алайда сол жерде қызметте 5 жыл болып, өзім үшін таптырмайтын тәжірибе алғаныма қуаныштымын. Қарамағымда 375 адам болған. ТЖ бұл ауданда көптеп шоғырланды, майда-шүйдесіне де айрықша назар аударылды. Жұмыс істеу күрделі әрі қызықты болды» деп Нұрлан Көлбаев есіне алды. Бұдан бөлек осы кезеңде азаматтық қорғау полковнигі еуропа елдері мен ТМД мемлекеттері басшыларының халықаралық форумдарына қатысып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Нұрлан Көлбаев – егер оның сүйікті ісі талап етсе, жайсыздықтан қорықпайтын адам. Оған далалық жағдайда тұрып, іссапарларға шығуға тура келді. Мысалы, 2014-2015 жылдары ол су тасқыны салдарын жоюға қатысты, су басқан ауылдар тұрғындарын баспанамен, ас-ауқатпен, жылумен және қажет заттармен қамтамасыз етіп, бір ай бойы 100 орындық дала лагерінде әріптестермен тұрды. Содан кейін үйіне бармастан дала бөкендерінің қырылуын жоюға баруына мәжбүр болды.

Сол жолы жайсыз жағдайда тұрудың ең ұзақ  – бір жарым айдан астам уақытқа созылған кезеңі болды.

Ақмола облысында өрт сөндіруші 2019 жылға дейін қызмет өткерді. Міне тағдыр оны енді қайта туған жерге жолдады. Нұрлан Төреханұлына Петропавлға ауысуды ұсынғанда, ол қуана қуана жолға шықты.

Күш пен батылдық - өрт сөндірушінің басты қасиеттері

Өз ұжымын азаматтық қорғау полковнигі қатты жақсы көреді. Қазір оған бағынышты 797 адам бар. Олардың идарасы құтқарудың барлық түрлерін жүзеге асырады: өрт сөндіру, суда авариялық-құтқару жұмыстарын, техногенді әрі табиғи катаклизмдер кезінде, қар құрсауларынан, су тасқыны салдарын жою, өрт кезіндегі дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету және т.б. «Биыл Прибрежный селосында біздің жігіттер өз қолдарымен 20 мыңға жуық қап балшықтан бөгет көтеріп тұрғызды, бұл бір айға созылды. Мен өзім әлі күнге дейін өрт сөндірулерге қатысып жүрмін. Қаладағы барлық ТЖ шығуға тырысамын. Егер бұл түнгі өрттер болса, кеш уақытына қарамастан мен орнына жетемін – деп қосты Нұрлан Көлбаев. Айтпақшы, 2020 жылы облыста 500-ге жуық өрттер болды, 55 адам құтқарылды.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер жұмыс әрі демалыс күндері алдын алу шараларына қатысып,  түрлі акциялар жүргізеді. Қарауыл кезекшілері қызметті өткеруден тыс уақытта өрттердің алдын алу жөнінде қала тұрғындарының үйлерін аралап өтеді. Қазір ТЖ саласы қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан осал тұратын үйдерінде от, газ, түтінді анықтау тетіктерін орнатуда. Мұны жергілікті атқару органдары немесе ардагерлер ұйымдары көмегі арқылы жасайды.

«Бізде құтқару жабдық пен техниканың барлық түрлері, сүңгуірлер, кинологтар, медицина қызметкерлері, жетуі қиын жерлерге өтетін техника бар. Есіктерді ашу жөнінде авариялық-құтқару жұмыстарын жиі жүргіземіз. Қаламызда 5 өрт сөндіру бөлімдері бар, әрбір кезекші ауысымда 10-нан 14-ке дейін адамдар. Әрбір өрт сөндіру бөлімге 3-4 бірлік техникасы бөлінген. Кез келген шағын өртке кем дегенде 2 көлік, қажет болса – автосаты да шығады. Жыл сайын республикалық бюджеттен 5-10 жаңа өрт сөндіру көліктерін аламыз. Бізде техникамен қамту жақсы деп айта аламын. Айтпақшы, бұл жыл ерекше болып тұр. 2014 жылдан бері біз Ішкі істер министрлігінің құрамында ТЖ комитеті ретінде болдық.  Міне, жақында ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ министрлігін жеке идара қалпында қайта құруды тапсырды. Біз үшін бұл маңызды оқиға, оның үстіне осы жылы азаматтық қорғау органының құрылғанына 25 жыл толады. Енді бізге бұрынғыдан да зор назар аударылар деп үміттенеміз, ал біз өз идарамызды жерге қаратпауға тырысамыз» - деді Нұрлан Көлбаев. Азаматтық қорғау полковнигі кез келген уақытта олар дайын болуы тиіс деген лақапқа қарамастан, өрт сөндірушілердің де бос уақыты болады. Әрбір қызметкер кезекшілікке 4 күнде бір рет түсетінін айтты. Мұндай кесте моральдық және физикалық жүктемеге байланысты құрылады. Кезекшіліктен кейін өртпен күресушілер міндетті түрде үш күн демалады. Кейбірде бос уақытта акцияларға қатысуға тура келеді, бірақ көпшілік бұған түсіністікпен қарайды. Әрбір өрт сөндіруші қызметтің мерзімі ұлғайған  сайын күндер саны артатын кезекті еңбек демалысқа шығады. Қызмет мерзімі 10 жылдан асқанда демалысына 5 күн қосылады, 5 жылдан кейін - тағы 5 күн, ал өтілі 20 жылдан асқанда – еңбек демалысы шамамен 45 күндей болады. Жыл бойы демалуға болатын идаралық шипажайлар бар.

«Қызметім ешқашан тоқтамай жалғасып тұрады. Мен әрқашан жұмыстамын, телефоным әрқашан қосулы. Бұл өмірдің стилі, өзімді әншейін азаматтық өмірде қалай тұратынымды елестете алмаймын. Зейнетке шыққан қызметтің 25 жылы өткен өрт сөндірушілер жиі Жедел-құтқару жасағының азаматтық лауазымдарына жұмысқа тұрады – кинологтарға, құтқарушыларға, сүңгуірлерге, себебі олар өмірінің ырғағын ауыстыра алмайды», дейді өрт сөндіруші.

Идара қызметкерлер мен олардың балалары арасында спорттық шараларды жиі ұйымдастырады. Қызметкерлер басқа облыстардағы әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеп, маңызды шаралар үшін қосымша күштер болғанда көмектеседі.

«Өрт сөндірушілер жұмысының артықшылықтары: бұл асыл кәсіп, мұнда кездейсоқ адамдар болмайды. Әдетте қызметтің бірінші жылы адамдар жұмыстан шығып кетеді, ал қалатын жігіттер үшін – бұл нағыз өздерінің бейімделген кәсібі. Біз үшін тұрғындардың қарапайым айтқан «рахмет» сөзі – ең жоғарғы марапат. Жақыңдарға көмектескенде ішкі қанағаттануды сезінесіз. Ал кемшілігі тек біреу ғана – отбасымызға аз уақыт бөлеміз, оларды көре бермейміз – деп Н. Көлбаев атап өтті.

Нұрлан Төреханұлының пікірінше үлгілі өрт сөндіруші барлығы тек үш қасиеттке ие болуы тиіс – жақсы дене шынықтыру даярлығы, күш, қайсарлық және батылдық. Осыған қоса денсаулық жоғары деңгейде болғаны жөн. Мақаламыздың кейіпкері «егер үлкен ынта болып тұрса, онда қайсарлық пен батылдықты өзінен ашуға болатынын» айтады. Бұған оқыту кезеңі немесе өрт сөндіру бөлімшесіндегі жауынгердің бірінші жылы сеп болады.

Құтқарушы күні және азаматтық қорғау органдарының 25-жылдығы қарсаңында Нұрлан Көлбаев әріптестеріне мықты денсаулық, зор табыс, күрделі шаруада қайсарлық тілейді, жақынына көмектесу үшін әркім «от пен суға» кіруге дайын болсын.

«Проспект СК» газетінің ұжымы да осы құттықтауларға қосылып, өзін аямай, басқаларды қайғысынан құтқаратын әрбір құтқарушыға зор алғысын білдіргісі келеді. Сіздер  өз уақытыңызды, денсаулығыңызды және өміріңізді біз үшін құрбан етесіздер, осы үшін Сізге үлкен және шынайы «рахмет!» айтамыз.

Анна ХОДЕЕВА