Болат Тілембетов: ардагердің жолы

Болат Тілембетов: ардагердің жолы

Болат Тілембетов: ардагердің жолы    

   Болат Қабралұлы  Тлеумбетов  1971 жылы 07 желтоқсанда СҚО Тимирязев ауданы Целинное селосында дүниеге келген. 1989 жылдан 1991 жылға дейін  Кеңес Армиясында қызмет етті. Еңбек жолын 1992 жылы Тимирязев ауданының Ішкі істер бөлімі жанындағы күзет бөлімшесінің милицияның моторландырылған взводының милиционері қызметінен, 1995 жылдан Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі жанындағы күзет бөлімінің мемлекеттік банк мекемелерін күзету жөніндегі милиция бөлімшесінің милиционері қызметінен бастады. 1996 жылғы наурызда Тимирязев ауданы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің уақытша ұстау изоляторының милиционері лауазымына ауыстырылды. 1998 жылдың сәуір айында Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік қызмет бөлімшесінің учаскелік уәкілі болып тағайындалды. 1999 жылдың қазанынан 2018 жылдың тамызына дейін азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеді.

   ҚР ІІМ ТЖК өртке қарсы қызмет органдарында 27 жыл қызмет етіп, азаматтық қорғау подполковнигі атағымен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шықты. Білімі жоғары заңгерлік. Өзінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес өз қызметінде өрттің, ТЖ алдын алу және оларды жоюды  қамтамасыз ету бойынша бекітілген объектілерде алдын алу жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді, ұсынылған өртке қарсы іс-шараларды орындауға қол жеткізуді, объектілерде қатаң өртке қарсы режимді сақтауды, өртке қарсы қорғау жүйелері мен қондырғыларын енгізу мен қызмет көрсетуді біледі. Сондай-ақ ол барлық өрттер мен табиғи және техногендік сипаттағы басқа да ТЖ-ға тікелей шығып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексеру іс-әрекеттерін жүргізді. Халық арасында, ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әріптестер Болат Қабралұлын жауапты және тәртіпті қызметкер, өз ісінің маманы ретінде атап өтіп, еске алады.  Қызмет өткеру кезеңінде ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен және «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен марапатталған. Қазіргі уақытта Тимирязев ауданы «Әкім аппараты» КММ-де «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас маман» лауазымында жұмыс істейді.

Тимирязев  ауданының ТЖ бөлімі