Құтқарушылардың жарысы

Құтқарушылардың жарысы

Құтқарушылардың жарысы

Өрт сөндіруші мамандығы ең қауіптілердің бірі, ол күнделікті тәуекелмен және үлкен жауапкершілікпен байланысты. Өрт сөндірушілер түтіннен, қауіптен, белгісіздіктен өтуге дайын болуы керек. Шынында да, кейде өрт сөндірушілердің кәсіби қасиеттері мен төтенше жағдайда жүру қабілеті қиын жағдайға тап болған адамдардың өміріне байланысты.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар қызметтерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай құтқару спорты бойынша ведомстволық жарыстар өтті.

Құтқарушылар жарысы  Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің аумағында және Назарбаев Зияткерлік мектебі стадионында өтті. Жарыс бағдарламасына сайыстың 3 түрі енгізілді: оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақ және жауынгерлік қанат жаю.
Үш түрі бойынша қорытынды жасай отырып, 1 орынды - Петропавл қ. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, екінші орынды - Петропавл қ. № 4 және № 5 өрт сөндіру бөлімдерінің құрама командасы, үшінші орынды - Солтүстік өңірдің құрама командалары иеленді, оған Явленка с. №10, Пресновка с. №11, Булаево қ. №12, Бескөл а. №13 және Мамлютка қ. №15 өрт сөндіру бөлімдері кірді.

Жарыс жеңімпаздарына салтанатты түрде грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨСжәнеАҚЖҰБ
аға инженері Дархан Дүйсембеков