Петропавл өрт сөндірушілерімен өртті жою кезінде 9 қабатты тұрғын үйде 2 адам құтқарылды, 78 адам эвакуацияланды (оның ішінде 18 бала)

Петропавл өрт сөндірушілерімен өртті жою кезінде 9 қабатты тұрғын үйде 2 адам құтқарылды, 78 адам эвакуацияланды (оның ішінде 18 бала)

2 қазан 2020 ж. 16 сағат 13 мин. «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ хабарлама қабылдау орталық пунктіне Абай көшесі, 59 мекен-жайы бойынша орналасқан 9 қабатты үйдің пәтерінде өрт туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Шақыру орнына Петропавл қ. № 3 өрт сөндіру бөлімінің және № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері шықты. ТЖ орнына келген бойда 16 сағат 19 мин. 6-қабатта 2 бөлмелі пәтер жанып жатқаны анықталды, кіреберістің жоғарғы қабаттарында қатты түтін байқалған.

Полиция күштері қауіпті аймақты қоршауға алды. Баспалдақ маршы бойынша өрт сөндірушілермен 78 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды, бір уақытта өрт сөндіру жүргізілді. 2 адам құтқарылды. 1973 ж.т., 2 топ мүгедегі,бір ер адам пәтерден шығарылды, ес-түссіз ауыр күйде болды, денесінің 75% күйік алған, ауруханаға жатқызылды. 1985 жылы туған екінші ер адамды өрт сөндірушілер электр қуаты ажыратылған кезде 7 және 8 қабаттар арасында бұғатталған лифттен алып шықты, ауруханаға жатқызу қажет болмады.

«Түтінге байланысты оның өміріне қауіп төнді, сондықтан лифт есігін сынықтармен ашуға тура келді. Пайда болған саңылауға зардап шегушіге сығылған ауаны беруді қамтамасыз ете отырып, құтқару капюшоны берілді, оған психологиялық көмек көрсетілді. Көп ұзамай жәбірленуші қауіпсіз аймаққа шығарылды, өзін жақсы сезінді, ауруханаға жатқызудан бас тартты. Көп қабатты тұрғын үй ауласының автокөлікпен толтырылуына байланысты адамдарды эвакуациялау үшін жылжымалы автосатыны пайдалану мүмкін болмады»,  — деп № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Марат Нұрғалиев өз бағыныстыларының іс-әрекеттеріне түсініктеме берді.

Сағат 16.31-де өрт ауыздықталды, сағат 16.38-де толығымен жойылды, көрші пәтерлерге қауіп төндірмеді. Өртті сөндіруге «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамынан 26 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан пәтердегі жиһаз жойылды, ішкі қоршау зақымдалды, жалпы түтін шалу байқалған, өрт аумағы 12 шаршы метрді құрады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп-жәбірленушінің төсегінде темекі шегуі. Соңғы себеп пен залал анықталады.

Өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында СҚО ТЖ Департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу қаупі туралы ескертеді. Сондай-ақ, өрт және ТЖ кезінде эвакуациялау үшін лифтілерді пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынатынын еске саламыз. Бұдан басқа, көп қабатты үйлердің аулаларында арнайы көліктің еркін жүруін қамтамасыз ету қажет, оны автокөлікпен мәжбүрлеуге және оны өзге тәсілдермен бұғаттауға болмайды.

Есіңізде болсын: осы қарапайым ережелерді сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!

СҚО ТЖ департаментінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы