2020 жылдың 25 қыркүйегінде бейне-селекторлық байланыс режимінде Департамент бөлімшесінің бастықтарымен семинар өтті. Семинардың негізгі міндеті жеке-тәрбие жұмысы, қызметтік-әскери тәртіп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің моральдық-адамгершілік қасиеттері мәселелері бойынша болды.
Тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіби, адамгершілік және психологиялық қасиеттерін табысты қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Игорь Евгеньевич Жуков атап өтті, сөз сөйлеу кезінде қызметтік-әскери тәртіпті сақтау туралы баса айтты.
Азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Сейітжанұлы Нүкішев Департаменттің Кадр саясаты бөлімінің бастығы өз баяндамасында қарамағындағы қызметкерлердің қызметте және тұрмыста қызметін бақылау, қызметкерлердің зияткерлік және мәдени деңгейін арттыру, олардың адамгершілік-эстетикалық және моральдық-психологиялық қасиеттерін дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізудің маңыздылығын жете бағаламау туралы атап өтті.
АҚО қызметкерлерінің жеке ерекшеліктерін ескеру маңызды, деп атап өтті азаматтық қорғау аға лейтенанты, Департаменттің Кадр саясаты бөлімінің бас маман–психологы Лаура Бейбітқызы Шәйкенова. Қызметкерлердің тәуелділігі тәуекелге әкеледі (материалдық, әлеуметтік, суицидтік). Әрекет етуге ықпал ететін факторлардың бірі бұл — құмар ойындар тарату. бүгінгі күні тәуелділіктің бұл түрі эпидемияның ауқымына ие болды. Негізгі симтом «жоғалту». Қаржылық, әлеуметтік мәртебені, жеке қатынастарды жоғалту, төленбеген қарыздар, несиелер аясында проблемалар. Бұл тәуелділіктің белгісі, ол көмексіз болмайды.
Әсел Еркебұланқызы Ыбыраева Департаменттің заң тобының бас маманы барлық нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы туралы мәлімет берді. Қызметтік даярлық жүйесінде қызмет өткеру кезінде қызметтік борышын орындау үшін жауапкершілікті және кәсіби қырағылықты арттыруға бағытталған жеке құрам арасында қосымша түсіндіру жұмысын жүргізу.
СҚО ТЖ департаментінің КСБ бас маман-психологы
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Лаура Бейбітқызы Шәйкенова