
Шомылу кезеңінін аяқталуына қарамастан құтқарушылардың қызметі күшейген тәртіпте жалғасуда. Қыс алды — құмаршы балықшылар мен аңшылардың кезеңі, күздің суық күндері жылы киімдермен және «қару-жарақтарымен» кемелерімен асыға күткен олжаларына өзен, көлдер мен арналарға аттанады.
Жасақтың қызметкерлерімен суда оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында әрдайым профилактикалық іс-шаралар өткізіледі, күнделікті рейдттер барысында балықшыларға өздерін қалай ұстау керектігі, балық аулау кезінде қандай сақтық шараларын сақтау жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан бері құтқарушылармен халық арасында 9836 жадынама таратылып, қауіпті су айдындарында 1122 рейд өткізілді, 1122 лекция мен әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Жедел-құтқару жасағы суда абай болуды және қырағылықты сақтауды ескертеді. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармаңыздар: су айдынына шыққан кезде техникалық жағынан жарамды жүзу құралымен шығу қажет, жүзу құралын шамадан тыс жүктемеңіздер. Кемеден балық аулау және аңшылық кезінде оқыс қимылдарды жасамаңыздар, кемеңіз резеңкелі болса ойық және тілік алудан сақтаныңыз. Міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіздер-бұл қарапайым құрал көп өмір құтқарды. Алкогольдік ішімдік ішпеңіздер–оқыс оқиғалардың негізгі себпетерінің бірі осы болып табылады.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ»
ММ Жедел-құтқару жасағы