Солтүстік Қазақстан облысында үздік бөлімше командирлер жарысі өтті

Солтүстік Қазақстан облысында үздік бөлімше командирлер  жарысі өтті

Құтқарушылар күнінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында — 2020 жылдың 18 қыркүйекте «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік бөлімше командирі» байқауы өткізілді, бұл байқаудың мақсаты жауынгерлік дайындығын және өрт сөндіру бөлімдер, теориялық білімді жетілдіру, бөлімше командирілердің тәжірибелік дағдыларын және мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқау екі кезеңде өтті. Өрт сөндіру саласындағы өрт сөндірушілер арасында бірінші. Байқаудың бірінші кезеңін бөлімше басшылары өздерінің бөлімдерінде өткізді. Байқаудың екінші кезеңі «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бірінші кезеңінің жеңімпаздары арасында өтті. Ең үздік бөлімше командирлер жаттығу мұнарасының 4 қабатына штурм сатысымен жүгіріп көтерілді, уақытқа жауынгерлік киім киді, жауынгерлік қанат жаю, турникте тартылды 100 м. және 1000 м. дистанцияға жүгірді. Байқауда барлығы 10 бөлімше командирі қатысты. Осы іс-шараны өткізу кезінде барлық санитарлық-гигиеналық нормалар сақталды.

Іс-шараның бағдарламасы өрт сөндіру-құтқару және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, өрт сөндіру желісі бойынша нормативтік-құқықтық актілерін білуге тест өткізілді және арнайы тактикалық оқу бағдарламасы тәртібі қаралды.

Жарыстың қорытындысы бойынша үшінші орынға Тайынша ауданы Келлеровка с. 14-ӨСБ 27 ӨС бекеттің бөлімше командирі Асхат Серікбайұлы Күшербаев ие болды, екінші орынды Петропавл қ. 4-ӨСБ бөлімше командирі Данияр Оралбайұлы Дюсенбаев бекітті, ал «2020 жылғы — Үздік бөлімше командирі» атағына Петропавл қаласының 3-ӨСБ бөлімше командирі Асылбек Қәрімұлы Ахманов иеленді.

Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
ӨСжәнеАҚЖҰБ
аға инженері
Дархан Дүйсембеков