Табыстар мен мүлік туралы ҚР ТЖ министрлігі СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамил Фаткулович Камалов
Кезең: 2017 жыл.
Еңбекақы: 5 млн. 90 мың 189 тг.
Мүлік: Астана қ. 2 бөлмелі пәтер.
2017 жылға салық төлеу: Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлері табыс салығын төлеуден босатылды.
2019 жылғы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері кәсіби және қызметтік дайындықты өткізу барысында, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында, 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсынымдарын кеңінен талқылау бойынша жұмысты өткізді.




Макпал Әлімкина
СҚО ТЖ Департаментінің
аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған жоспарының негізінде, Департаментте жемқорлықты болдырмау мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:
Конкурсанттар міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуден өтеді, нәтижесі үміткерлерді таңдау кезінде ескеріледі.
Департамент қызметкерлері 2017 жылы 2016 жылға арналған салық декларацияларын 100% тапсырды, оның ішінде теріс әрекеттермен қызметтен босатылған қызметкерлер.
Декларацияны тапсыруды түсіндіру мақсатында, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шақыртылды.
Өткен жылғы мамыр айында «қауіптілер тобына» кіретін қызметкерлерге психологиялық әсер ету мақсатында, ЕС-164/1 мекемесіне бару ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандарттарының негізгі талаптары» тақырыбында сабақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманын шақырумен өткізілді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2017 жылы Департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының бұзылуына жол берілген жоқ.
2017 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық форум өткізу барысында Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге белсенді қатысқаны үшін,Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл департаментінің және «Нұр Отан» париясының алғыс хатымен марапатталды.
Департаменттің Бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы «ҚР Үздік өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы» атты Республикалық конкурстың нәтижесі бойынша ІІ орынға ие болды.
СҚО ТЖД КЖБ бастығы
азаматтық қорғау полковнигі Н.Нүкішев
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық ақпараттандыру мақсатында ұдайы түрде болуы мүмкін сыбайлас жемқорлықтың салдарын болдырмау, қызметкерлердің ой-санасына қандайда бір жемқорлыққа қарсы қылмысты болдырмауы бойынша, ұжымның жұмысын Департаменттің имиджін нығайтуға және оны құруға бағытталған іс–шараларды өткізеді.
Осы қоғамдағы қауіп-қатерге басшылық тарапынан бірінші кезекте назар бөлінеді.
2017 жылғы 18 тамызда облыстың ТЖ Департаментінде кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Сейітжанұлы Нүкішевтің басшылығымен өз қатарларымызда жемқорлықтың салдарын алдын алуға бағыттталған семинарлық сабақ өткізілді.
Іс-шараға басшылық құрам және Департаменттің басқарма, бөлімдер, бағыныстағы мекемелерінің қызметкерлері, аудандық бөлімшелер (селекторлық режімде), сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мамандары қатысты.
Нұрлан Нүкішев іс-шараны аша отыра, жемқорлықпен күрес мемлекет саясатының басты бағыты екенін айтып, «Жемқорлық мемлекет негізін бұзады, еліміздің дамуы үшін кедергі келтіреді. Сондықтан барлық қоғамға осы мәселемен күресуде барлық күш жігерін салу қажет», — деді ол іс-шараға қатысушыларға.
Осыдан кейін сөз кезегі уәкілетті органның мамандары Амангелді Есмағзамұлы Сатанов пен Индира Ерденқызы Бәженоваға берілді. Олар Республика және облыс масштабындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстарға қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының негізгі талаптары мен мемлекеттік қызметкерлердің киім үлгісінің талаптары туралы айтты. Мамандар Республикамызда іске асырылатын жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мен білім беру бойынша өткізіліп жатқан жұмыстардың шаралар кешенін атап өтті. Өкілдер шет елдердегі тәжірибені негізге ала отыра, аталған бағыттағы жұмыстың жаңа нысандарын белсенді қолдануды атап өтті. Іс–шараны өткізу кезінде Департамент қызметкерлері осы маңызды тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға заңнама нормаларына сәйкес жауап алды, семинар әңгіме барысында өтті.
Семинардың аяқталуы барысында, қатысушылар іс-шара барысында айтылған ахуалды мәселелер бойынша өз пікірлерімен алмасып, тақырып талқыланды.



Аққайың ауданы ТЖб инженері
азаматтық қорғау лейтенанты
Мақпал Әлімкина
СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен құрылымдық бөлімшелер мен бағыныстағы мекемелерде тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылды нығайту бойынша қажетті тәжірибелік іс–шаралар қабылданады. Кәсіби дайындық бойынша сабақтарда қызметкерлердің құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына бағытталған тақырыптық сабақтарға ерекше назар аударылады. Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл бойынша салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспар бекітілді.
2017 жылғы 1 жартыжылдықта жемқорлыққа қарсы тақырыпта келесі іс–шаралар ұйымдастырылып өткізілді: 1 телеарнада сөйлеу, СҚО ТЖД сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында 10 мақала. Кәсіби дайындық шеңберінде жемқорлыққа қарсы бағытталған 7 іс-шара, оның ішінде, 4 дәріс, 3 семинар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро, «Нұр Отан» партиясы, СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бос лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурсанттар міндетті түрде полиграфологиялық жерттеуден өтеді және үміткерлерді іріктеу кезінде нәтижелері есепке алынады.
Әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға конкурстық іріктеу өткізу кезінде міндетті түрде қадағалаушылар мен сарапшылар, СҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің мамандары шықырылады. Апта сайын ақпараттық күнді өткізу кезінде, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ТЖК, сонымен қатар жалпы Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа қатысты шолулар, бұйрықтар, анықтамалар, мақалалар, болған оқиғалар туралы оқылады. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен танысады.
Ағымдағы жылғы 16-17 мамырда Департаменттің «қауіптілер тобына» жатқызылатын қызметкерлерге психологиялық әсер беру мақсатында, түрлі құқық бұзушылықтар, сонымен ішінде жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алынатын ЕС 164/1 тергеу изоляторына бару ұйымдастырылды.
2 тоқсанда кадр жұмысының қызметкерлерімен, сонымен қатар психологпен моральдық-психологиялық климатты анықтауға,сонымен қатар аудандық бөлімщелерде басшылардың жемқорлық іс –қимылдарын жасауларын және лауазымдық міндеттін әсіре пайдалануын анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 2 тоқсанда 2017 жылғы 03 наурыздағы №18 бірлескен бұйрық негізінде, СҚО бойынша Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс–қимыл департаментінің мамандары нақты бағыттар бойынша Департаменттің және оның аудандық бөлімшелерінің, бағыныстағы мекемелерінің қызметіне бірлескен сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасады.
Департаментте жылына 2 рет жұмыс тобымен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Департаментте жемқорлықты болдырмауға арналған келесі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: Департаменттің жеке құрамының транзиттік шоттары (зейнетақылық төлемдері) тексерілді. Өткізілген талдауға сәйкес қызметкерлерде заңсыз төлеген зейнетақылық төлемдері анықталған жоқ.
Басшылықпен азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген; азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылған; бос лауазымдар конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсанттар міндетті түрде полиграфологиялық жерттеуден өтеді және үміткерлерді іріктеу кезінде нәтижелері есепке алынады; кәсіби, қызметтік және құқықтық дайындық шеңберінде ұдайы түрде жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша сабақтар өткізіледі;
тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары жарияланады; осындай жұмыстар СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ барлық бөлімшелерінде өткізіледі. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңымен белгіленген шектеулерді мүлтіксіз орындауларын қамтамасыз ету мақсатында, ТЖ Департаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында Департамент бастығының орынбасары подполковник Ерік Темірханұлының басшылығымен құқықтық оқыту шеңберінде, жеке құраммен сабақ өткізілді. Бұл іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненко, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюросының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева, Департамент басшылығы және басқарма мен бөлімдердің, ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Ерік Темірханұлы іс-шараны аша отыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты екеніне ерекше тоқталып, «Сыбайлас жемқорлық — әлеуметтік құбылыс ретінде, мемлекеттің табысты дамуына аса қауіпті. Осыған байланысты, мемлекеттке және қоғамға осы теріс құбылыспен күресуде бірлесіп қызмет жасау керек», — деді өз сөзінде іс-шараға қатысушыларға назар аудара отыра.
Одан кейін сөз кезегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненкоға берілді. Елена Степаненко барлық қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңындағы кейбір түсініктер мен енгізілген өзгерістер туралы түсіндіріп мысал келтірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева
Республика ауқымындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес құқық бұзушылық пен қылмыстары туралы айтты. Светлана Николаевна заңнамалық бастамашылықтан бастап, соңғы уақытта Қазақстанда жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және білім бойынша жұмыспен аяқталатын, шаралар кешенің жариялап өтті. Ұлттық бюроның өкілі аталмыш бағыттағы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіптер талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қаржы бақылауының шаралары, қоғамдық өкілдерді қатыстыру және т.б. жаңа жұмыс нысанының белсенді қолданылуы белгілеп айтты. «Қазірде ерекше маңыз мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігін жақсартуға бөледі, өйткені меритократияның қағидалары мен мемлекеттік аппарат қызметінің мөлдірлігі, мемлекеттік қызметкерлердің халық алдында тұрақты есеп беруі осындай қауіпті құбылысқа соққы береді», — деді ол өз сөзінде.
Сватлана Зайцева сабақ барысында елімізде және СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайының толық суретін ұсынған, презентация слайдтары бейне материалдарын көрсетті.
Қатысушыларға ерекше әсер қалдырғаны, аса қауіпті құбылыстың себебтері мен салдарын айқын көрсеткен бейнероликтер болды. Қызметкерлер Заңды орындамағандардың қатаң жазалауын сипаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстардың нақты сипатын көрді.
Іс-шараның өтуі барысында Департамент қызметкерлері Елена Степаненко мен Светлна Николаевнаға осындай маңызды тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына, қолданыста бар заңнамалардың нормаларын ескере отырып түсіндірме жауаптар алды.
Сабақтың аяқталуы барысында, кадр жұмысы бөлімінің бастығы Нұрлан Нүкішев қонақтарымызға алғысын білдіріп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде үлгі көрсету керек екенін ерекше атап өтті.




Нариман Ашамаев,
СҚО ТЖ Департаментінің
КЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры