Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол — әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол — сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгiнгi күнгi күрделi мәселесi болып отыр. Үлкен әлеуметтiк қасiрет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бiр-бiрiне ұқсамайтын әлемдегi барлық елдердiң қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық билiктi және оның мүмкiншiлiктерiн қолдана отырып, барлық қоғам мүддесi үшiн емес, жеке тұлғалар немесе адамдар тобының мүддесiнде қолданылады деп күтiлуде.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесiн баяулататын және демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер ететiн, елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiретiн құбылыс.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесiне аса назар аударып, «2050-Стартегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды нығайтуға бағытталған бiрнеше бастапқы мәселелердi алға тартты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттiк стратегиясының жүзеге асырылуы мемлекеттiң әлеуметтiк, экономикалық және саяси тұрақтылығын қатайтып, жеке азаматтардың немесе қоғам құқығының, бостандығының, заң мүдделерiнiң қорғалуы жүзеге асырылады.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар бөлiмiнiң жоспарлаған жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде. Яғни, ол дегенiмiз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды оқу, прокуратура қызметкерлерiмен кездесу, «дөңгелек үстелдер» өткiзу, жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қабылдау болып табылады.

Бiздiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жiгерiн бiрiктiрiп, осы дерттiң одан әрi ушықпауы үшiн оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиiмдi түрде қарсы тұруға болады.

«СҚО ТЖД Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар бойынша бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн бұзу фактiлерi бойынша сенiм телефоны: 87152522172 бар екендiгi туралы еске салады.

Әмир Бекчентаев,
СҚО ТЖД Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ТЖБ бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигi

Дата публикации
26 августа 2016
Дата обновления
04 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
18 апреля 2022
5 сұрақ
18 апреля 2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы