Облыстың ТЖ департаментiнде ҚР IIМ ТЖК аумақтық органының кадр жұмысы бөлiмiнiң бастығы азаматтық қорғау подполковнигi Серiк Дүйсембековтың басшылық етуiмен «Сыбайлас жемқорлық жүйелi құбылыс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы iс-қимылдың негiзгi бағыттары» тақырыбына дөңгелек үстел өткiзiлдi. Бұл iс-шараға Департамент басшылығы және басқарма мен бөлiмдердiң, ведомстволық бағынысты мекемелердiң қызметкерлерiқатысты.
Серiк Дүйсембеков iс-шараны аша отыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттiк саясаттың басым бағыты екенiне тоқталып, «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтiк құбылыс ретiнде, мемлекеттiң табысты дамуына аса қауiптi, сондықтан ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағдарламалық құжатында ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төндiретiндердiң қатарына енгiзiлгенiн атап өттi.
Одан кейiн сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментi инспекторы Светлана Зайцева Республика ауқымындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес құқық бұзушылық пен қылмыстары туралы айтты. Светлана Николаевна заңнамалық бастамашылықтан бастап, соңғы уақытта Қазақстанда жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және бiлiм бойынша жұмыспен аяқталатын, шаралар кешенiң жариялап өттi. Ұлттық бюроның өкiлi аталмыш бағыттағы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауiптер талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қаржы бақылауының шаралары, қоғамдық өкiлдердi қатыстыру және т.б. жаңа жұмыс нысанының белсендi қолданылуы белгiлеп айтты. «Қазiрде ерекше маңыз мемлекеттiк органдарының қызметiнiң тиiмдiлiгiн жақсартуға бөледi, өйткенi меритократияның қағидалары мен мемлекеттiк аппарат қызметiнiң мөлдiрлiгi, мемлекеттiк қызметкерлердiң халық алдында тұрақты есеп беруi осындай қауiптi құбылысқа соққы бередi», — дедi ол өз сөзiнде.
Сватлана Зайцеваның баяндамасы Қазақстан және СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайының толық суретiн ұсынған, презентация слайдтары материалдарымен тайға таңба басқандай сипатталды.
Дөңгелек үстел қатысушыларына үлкен әсер қалдырғаны, интерактивтi тақтада аса қауiптi құбылыстың себебтерi мен салдарын айқын безендiрiп көрсеткен бейнероликтер болды. Әдеттегiдей өмiрдегi болатын оқиғалардың қайғылы аяқталуы, ешкiмдi де немқұрайлы қалдырмады, өйткенi заң және моральдық нормаларды бұзудың төлемiнен құтылып кету мүмкiн емес екендiгi ойландырды.
Iс-шараның өтуi барысында Департамент қызметкерлерi Светлна Николаевнаға осындай маңызды да өзектi тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына, қолданыста бар заңнамалардың нормаларын ескере отырып түсiндiрме жауаптар алды.
Дөңгелек үстел жұмысын қортындылай келе, кадр жұмысы бөлiмiнiң бастығы ұлт басшысының құқық қорғау органдарының жұмыс сапасын жақсартуға қатысты айтылған: «Зор өкiлеттiлiк пен құқық иеленген шендiлер мiнсiз мiнез-құлқымен және жоғары кәсiби деңгейiмен ерекшеленуге тиiс» деген сөзiн келтiрдi. Бұл ретте Серiк Дүйсембеков, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте озық болулары керек екенiн ерекше атап өттi.
ҚР ТЖМ СҚО ТЖД
КЖБ бас маманы
Евгения Трефилова