Елiмiздiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыспен күрес мемлекеттiк билiктiң барлық деңгейiнде күнсайынғы тапжылмай еңбектенудi, әр мемлекеттiк қызметшi тарапынан күш салысуды талап етедi. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетi осы қоғамдық зұлыммен күреске бiрiншi деңгейлi көңiл бөлiнедi. ТЖ комитетiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша iс-шаралар жоспарына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс ұдайы жүргiзiледi. Оның көп қырлы және көп деңгейлi сипаты бар, iс жүзiнде мемлекеттiк орган iс әрекетiнiң барлық спектрiн қамтиды.
Департамент басшылығымен объектiлер жағдайын тексеру кезiнде қызметкерлердiң iс әрекетiнiң заңдылығын үнемi бақылаумен айналысады. Объектiлердi қолдануға, аяқталған құрылыстар, қайта қалпына келтiрiлген объектiлердi және т.б. қабылдау кезiнде қызметкерлер тарапынан жеке тұлғаларды мүдделiк қолдау жасауына, сонымен қатар кәсiпкерлiк субъектiлерi iсiне қызметкерлердiң заңсыз араласуына жол бермеу жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болу жағдайларының алдын алу бойынша iс-шаралар жасалған. Барлық деңгейлердегi құрылымдық бөлiмшелер басшыларын олардың қарауындағы бөлiмдерi қызметкерлерiнiң жiберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының әр фактiсi бойынша жеке мiндеттi жауапкершiлiкке тарту тәжiрибеге енгiзiлген.
Әкiмшiлiк кедергiлерiн төмендету және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргiзiледi. 2016 жылдың шiлде айында СҚО ТЖД сайтында онлайн режiмiнде Департаментттiң кадр жұмысы бөлiмi өкiлiнiң қатысуымен интернет-конференция өткiзiлдi. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында келiп түскен сұрақтарға нақты жауап берiлдi. Сонымен қатар, 17 қыркүйекте «Северный Казахстан» газетiнiң редакциясында СҚО ТЖД құрылымдық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiмен «тiкелей эфир» өткiзiлдi. Олар Комитеттiң аумақтық органындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстарды алдын алу тақырыбы бойынша бiрқатар сұрақтарға жауап бердi. «Тiкелей эфир» материалдары аталған баспаның 2016 жылдың 17 қыркүйегiндегi нөмiрiнде жарияланды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылдың 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекiтiлген) сәйкес, жемқорлықты болдырмау мақсатында, Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Жыл басынан бастап жемқорлыққа қарсы тақырыпта 30 iс-шара ұйымдастырылып өткiзiлдi (радио бойынша — 11 сөз сөйлеу, баспада — 9 мақала жарияланды, ҚР IIМ ТЖК сайтында — 3, СҚО ТЖД сайтында — 7). Кәсiби дайындық шеңберiнде сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған 7 дәрiс, 4 дөңгелек үстел, 16 семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы, «Нұр Отан» партиясы, Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiлдi.
Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi қызметкерлердiң құқықтық мәдениетi және құқықтық хабардар болуы мақсатында Департамент қызметкерлерiмен ай сайын сабақтар өткiзедi. Заң тобымен Департамент жоспарына сәйкес, құқықтық жаппай оқу шеңберiнде сыбайлас жемқорлық және басқа бұзушылықтармен байланысты қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке түсiнiк беру жөнiнде сабақтар өткiзiлдi. Әкiмшiлiк iс қозғау саласында бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында кәсiби дайындық жүйесiнде әкiмшiлiк заңнамалар талаптарын зерделеу бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылды және өткiзiлдi.
Таңдап алған кәсiбi бойынша бiлiмдер және тұрақты кәсiби дағдыларды игеруде жас қызметкерлерге көмек көрсету үшiн тәлiмгерлiк iс-тәжiрибесi енгiзiлген. Жаңадан алынған қызметкердiң атқаратын лауазымында бiлiктi маман ретiнде қалыптасу процесiн жеделдету және ұжымда бейiмделуi үшiн оған тәлiмгер бекiтiледi.
Департамент қызметкерлерiмен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының талаптары еш тоқтаусыз жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру уақытында, заңнамалармен бекiтiлген мерзiмге сәйкес iске асырылады. Қатаң бақылау жүргiзiледi, жауапты тұлғалар белгiленген, рұқсат құжаттар беру кезiнде «жалғыз терезе» қағидаты қатаң сақталады.
Департаментте болуы мүмкiн сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, қандай да бiр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасауға жол бермеудi қызметкерлер санасына енгiзу, Департаменттiң жағымды бейнесiн жасау және нығайту бойынша iс-шаралар жоспарланған.
ҚР ТЖК СҚО ТЖ департаментiнiң
кадр жұмысы бөлiмiнiң бастығы
азаматтық қорғау полковнигi
Нұрлан Нүкiшев