Меню

Страницы

Статья

СҚО ТЖД сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырапта интернет-конференция өтті

Жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың ең негізгі тапсырмаларының бірі болып анықталған. СҚО ТЖ Департаментінде де қызметтегі басты мақсаттың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Осыған байланысты, ТЖД сайтында жемқорлықпен күресу тақырыбында интернет – конференция өтті.

Күні бойы солтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев жауап берді. Облыс тұрғындарын жемқорлықты алды алу бойынша жұмыс туралы және Департаментте сыбайлас жемқорлықты алдын алуға қабылданатын іс–шаралар қызықтырды.

Барлық сұрақтардға Нұрлан Сейітжанұлы анықтап, толық жауап берді. Негізінен жемқорлыққа қарсы жұмысты насихаттауда, СҚО ТЖД бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін, кәсіби және қызметтік дайындық бойынша сабақ өткізуде жеке құрам республикамызда болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар туралы ақпараттандырылатындарын айтты. Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша семинарлар мен сабақтар өткізіліп, онда уәкілетті органның мамандары қатысады. Ағымдағы жылы қызметкерлерге психологиялық әсер беру мақсатында, түрлі құқық бұзушылықтар, соның ішінде жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алынатын ЕС164/1 тергеу изоляторына бару ұйымдастырылды. Ұдайы түрде бөлімше қызметкерлерімен жемқорлық іс–қимылын және лауазымдық міндеттерін әсіре пайдалану фактілерін анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізіледі.

Біздің елімізде жемқорлықтың теріс салдарына қарсы тұру үшін мықты механизм құрылған: мемлекеттік биліктің ашық және айқын жұмыс атқару принципінің құрылуы, мемлекеттік билік органдарының құжаттарына азаматтардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының қол жетімділігі, мемлекеттік қызметшіні азаматтар және де тағыда басқаларымен тікелей қарым-қатынас жасауынақатаң тиым салатын лауазымды т ұлғалардың өзін–өзі ұстау, іс–қимыл жасау сияқты арнайы кодекстің әзірленуі. Осының барлығы толығымен ТЖ ведомствосында жүзеге асырылуда.

СҚО ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Дата публикации
18 июля 2017
Дата обновления
04 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
18 апреля 2022
5 сұрақ
18 апреля 2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы