Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа — тосқауыл!

Еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық сияқты құбылыспен күрес мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде күнсайынғы тапжылмай еңбектенуді, әр мемлекеттік қызметші тарапынан күш салысуды талап етеді. СҚО ТЖ департаментімен осы қоғамдық зұлыммен күреске бірінші деңгейлі көңіл бөлінеді. ҚР ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Департаментте сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс ұдайы жүргізіледі. Оның көп қырлы және көп деңгейлі сипаты бар, іс жүзінде мемлекеттік орган іс әрекетінің барлық спектрін қамтиды.

Департамент басшылығымен объектілер жағдайын тексеру кезінде қызметкерлердің іс әрекетінің заңдылығын үнемі бақылаумен айналысады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болу жағдайларының алдын алу бойынша іс-шаралар жасалған. Департамент құрылымында жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында, өзіндік қауіпсіздік тобы жұмыс жасайды. Кадр жұмысы бөлімінің психологымен моральдық-психологиялық климатты зерделеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақтауын анықтауға бағытталған жеке құрамға анонимді сауалнама жүргізіледі.

Кеңестерде ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ТЖК жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа байланысты жағдайлар туралы шолулар, бұйрықтар, мақалалар оқылып қарастырылады. Ағымдағы жылғы мамыр айында «қауіптілер тобына» жатқызылатын қызметкерлердің ой-өрісіне психологиялық әсер ету мақсатында, түзету мекемесіне бару ұйымдастырылды.

Кадр жұмысы бөлімі қызметкерлердің құқықтық мәдениеті және құқықтық хабардар болуы мақсатында, қызметкерлерімен ай сайын сабақтар өткізеді. Әкімшілік іс қозғау саласында бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында кәсіби дайындық шеңберінде әкімшілік заңнамалар талаптарын зерделеу бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылды және өткізілді.Таңдап алған кәсібі бойынша білімдер және тұрақты кәсіби дағдыларды игеруде жас қызметкерлерге көмек көрсету үшін тәлімгерлік іс-тәжірибесі енгізілген. Жаңадан алынған қызметкердің атқаратын лауазымында білікті маман ретінде қалыптасу процесін жеделдету және ұжымда бейімделуі үшін оған тәлімгер бекітіледі. Департамент қызметкерлерімен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының талаптары мүлтіксіз жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру уақытында, заңнамалармен бекітілген мерзімге сәйкес іске асырылады. Қатаң бақылау жүргізіледі, жауапты тұлғалар белгіленген, рұқсат құжаттарын беру кезінде «жалғыз терезе» қағидаты қатаң сақталады. Департаментте болуы мүмкін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасауға жол бермеуді қызметкерлер санасына енгізу, Департаменттің имиджін нығайту және құру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Нұрлан Атығаев
СҚО ТЖдепартаменті
бастығының м.у.а.
азаматтық қорғау полковнигі

Дата публикации
08 июня 2018
Дата обновления
04 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
18 апреля 2022
5 сұрақ
18 апреля 2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы