Меню

Страницы

Статья

СҚО ТЖД: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша «дөңгелек үстел»

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу азаматтық қорғау органдарының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. ТЖ департаментінің, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаевтың басшылығымен сондай-ақ «қауіп-қатер тобына» жатқызылған қызметкерлермен өз қатарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі шараларды қолдану бойынша Департамент аппартының мамандарымен профилактикалық сабақтар «тақырыбында» дөңгелек үстел"өтті.

Іс-шараға СҚО ТЖД бөлімдері мен басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Сәкен Көбышев қатысты. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы баяндама жасады, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін, қаржылық бақылау шараларын және тағы басқаларды жеткізді. Сәкен Оразбайұлы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары туралы бейнеролик көрсетіп, СҚО статистикасына сәйкес сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасау бойынша Республикада соңғы орында тұрғанын атап өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында Департаменттің заң тобының бас маманы Әсел Ибраева 2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Ол сыбайлас жемқорлық құбылысымен күрес мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде күнделікті табанды жұмысты, әрбір мемлекеттік қызметкер тарапынан күш-жігерді талап ететінін атап өтті. Департамент психологінің моральдық-психологиялық климатты зерделеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тұрғысынан әңгімелесу, жасырын сауалнама жүргізудегі жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар талқыланған тақырып бойынша пікір алмасты, сөз сөйлеушіге сұрақтар қойды.

Іс-шараны қорытындылай келе, полковник Атығаев жүргізілген алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Департаментте соңғы жылдары жоғарыда көрсетілген заңнаманы бұзу фактілері болған жоқ екенін айтты. Ол өз қатарларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың сенімін арттыру, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты бұзудың алдын алу, тәрбие жұмысын жетілдіру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің имиджін арттыру мақсатында ТЖД жеке қауіпсіздік тобының қызметкерімен бірлесіп өткізілетін рейдтік іс-шараларға назар аударды.

Нұрлан Нүкішев,
СҚО ТЖД КЖБ бастығы,
азаматтық қорғау полковнигі

Дата публикации
09 октября 2018
Дата обновления
04 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
18 апреля 2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?
18 апреля 2022
5 сұрақ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы