«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ акт залында сыбайлас жемқорлықпен күресудің мемлекеттік бағдарламасы аясында «Дөңгелек үстел» өткізілді, оған Петропавл қ. қалалық бөлімшелерінің жас қызметкерлері мен офицерлік құрамы қатысты.
Кездесудің қонағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің сыбайлас жемкорлық профилактикасы басқармасының басшысы Серік Айдарбеков болды.
Серік Оразбекұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге тоқталды және жасалған сыбайлас жемқорлықтарға бірнеше мысал келтірді. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларына қоғамның өзі - ел азаматтары атсалыспаса, осы саладағы жұмыстың нәтижесі болмайды. «Бәрі ойлайды, жемқорлықты мемлекеттің күшімен ғана жеңуге болады. Халық осы жұмысқа неғұрлым көп араласса, жемқорлықтың деңгейі де соғұрлым төмен болады. Біздің жұмысымыз да тиімді болады. Халық жемқорлықты жоюға өзі мүдделі болуы қажет. Өкінішке қарай, қоғамның мықты ұстанымы жоқ. Мәселен, дәл қазір бәріміз жемқорлыққа қарсымыз деп айтсақ та, ертең дәрігер туған-туысымызға жақсы қарасын деген ниетпен заңсыз ақша беруге дайын тұрамыз. Демек, сол кезде жемқорлыққа қатысты ұстанымымыз өзгереді. Сондықтан ең алдымен жалпы мүддені жеке мүддеден жоғары қою қажет. Ал жеке сұрақтарды шешкенде сол жалпы мүддені ойлауымыз жөн. Сонда ғана жемқорлық саласындағы жағдай, xалықтың санасы өзгереді. Біз осы мәселеге негізгі басымдық беріп келеміз», — деп атап көрсетті Серік Айдарбеков.
Сыбайлас жемқорлық бұл — жамандық, оны жою мүмкін емес, бірақ онымен күресуге, оны ескертуге және дамуының алдын алуға болады. Жазалаудан ескерту жақсы. Және бұл әр жақсы заңнаманың негізгі мақсаты болмақ.
Серік Шақабаев,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кадр жұмысы бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі