Өрт сөндіру қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін жою бойынша профилактикалық шараларға баса назар аударады. Қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардар болуы мақсатында Мекемеде үнемі құқықтық жаппай оқыту жүргізіледі, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа құқықтық актілерді жеке құрамға мәлімет үшін уақтылы жеткізіледі.
Өткен аптада «СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.
Жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер, онымен күрес — бүкіл қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қоғамдағы маңызды басымдылықтардың бірі болып қала бермек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Сәкен Құбышев атап өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады — айтты Сәкен Оразбайұлы
Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерінің серіктестік қағидаттарына, адамгершілік бастамаларының басымдықтарына және жемқорлық көріністерінің алдын алу шараларына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы халықтық сипатта болуға тиіс екенін жеткізу. Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Осының бәрі Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментінде біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз — Қазақстан Республикасының қауіпсіз дамуының негізіне қауіп-қатер туғызатын құбылыспен күресу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін сеніммен айтып кетуге болады.
Әсет Ысмағұлов
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі