Меню

Страницы

Статья

СҚО: Құқық бұзушылықтар тәукелiн шығару

Өрт сөндiру қызметiнде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерiн жою бойынша профилактикалық шараларға баса назар аударады. Қызметкерлердiң құқықтық мәдениетi мен құқықтық хабардар болуы мақсатында Мекемеде үнемi құқықтық жаппай оқыту жүргiзiледi, «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа құқықтық актiлердi жеке құрамға мәлiмет үшiн уақтылы жеткiзiледi.

12 қараша күнi «СҚО Төтенше жағдайлар департаментiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi» ММ «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» тақырыбында семинар өттi.

Жемқорлық ұлттық қауiпсiздiкке төнген үлкен қатер, онымен күрес — бүкiл қоғамның маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Қазiргi таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қоғамдағы маңызды басымдылықтардың бiрi болып қала бермек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментiнiң бас маманы Сәкен Құбышев атап өттi.

«Кездесудiң негiзгi мақсаты — мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиiмдiлiгiн арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрiнiсiне «мүлдем төзбеушiлiк» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкiл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендету болып табылады», — айтты Сәкен Оразбайұлы.

Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектiлерiнiң серiктестiк қағидаттарына, адамгершiлiк бастамаларының басымдықтарына және жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу шараларына негiзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы халықтық сипатта болуға тиiс екенiн жеткiзу. Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетiлдi.

Осының бәрi Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ Департаментiнде бiздiң тәуелсiз мемлекетiмiз — Қазақстан Республикасының қауiпсiз дамуының негiзiне қауiп-қатер туғызатын құбылыспен күресу жұмыстары жүйелi түрде жүргiзiлетiнiн сенiммен айтып кетуге болады.

Ғабит Ыбыраев,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы,
азаматтық қорғау полковнигi

Дата публикации
13 ноября 2018
Дата обновления
04 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
18 апреля 2022
5 сұрақ
18 апреля 2022
БЖЗҚ өз қызметтерінің 90 пайызын онлайн тәртібіне қалай ауыстырды?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы