Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы туралы ережесі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және

мемлекеттік тілді дамыту тобы туралы ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы
    (бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымы, штат саны Департаментпен бекітіледі.

 

2-тарау. Топтың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті:

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі жұмыс тәртібіне сәйкес құжаттаудың және құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу, оларды есепке алуды, олардың өтуін, қаралуын және уақтылы жөнелтілуін жүзеге асыру;

2) Департамент бұйрықтарын, Департамент бастығымен өткен жедел және аппараттық кеңестердің хаттамаларын тіркеуді жүзеге асыру, олардың техникалық ресімделуін тексеру және уақтылы тіркеуді жүзеге асыру;

3) Департаментпен оның орынбасарлары жанындағы жұмыс кеңестерінің хаттамаларын тіркеуді жүзеге асыру, олардың техникалық ресімделуін тексеру;

4) Департаменттің іс жүргізу және құжат айналымының жай-күйін талдау;

5) Департаменттің бланкілерін есепке алуды жүргізу, беру және есептен шығаруды жүзеге асыру, Топқа бекітілген мөртабандарды пайдалану бойынша белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;

6) нормативтік құқықтық актілерді және Топқа қатысты құқықтық актілерді дайындау.

  1. Міндеті:

Департаменттің жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қаралуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді қамтамасыз ету және олардың уақтылы орындалуын бақылау;

2) Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау бойынша жұмысын ұйымдастыру;

3) 1-ОЛ есептерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне уақтылы жолдауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті:

«Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – ҚБПҮ) және «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар қызмет бабында пайдалану үшін құжаттарды қабылдау, бастапқы өңдеу және алдын ала қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1) орындаушыларды тіркеу, «ҚБПҮ», «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар құжаттармен уақтылы таныстыру;

2) «ҚБПҮ» және «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар құжаттар мен істердің сақталуын қамтамасыз ету;

  1. Міндеті:

Құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану бойынша Департаменттің ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастыру.

Функциялары:

1) архив ісі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу;

2) істер номенклатурасын жасау және істердің қалыптастырылуына бақылауды жүзеге асыру;

3) Департаменттің ведомстволық архивінің құжаттары мен істерінің сақталуын қамтамасыз ету;

4) келіп түскен сұрау салуларға сәйкес істерді уақытша пайдалануға беруді жүзеге асыру;

5) архив ісі мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне, аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымға әдістемелік көмек көрсету;

6) Департаменттің сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген архивтік істерді белгіленген тәртіппен сақтауға алу және есебін жүргізу.

  1. Міндеті:

Департамент және оның бөлімшелерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы.

Функциялары:

1) Департамент басшылығы қол қоятын қазақ және орыс тілдеріндегі негізгі және туынды нормативтік құқықтық, басқару актілері мен құжаттар жобаларының мәтіндерін түпнұсқалығына редакциялауды қамтамасыз ету;

2) Департаменттің жеке құрамын мемлекеттік тілге оқыту және Қазтест бағдарламасы бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу курстарын ұйымдастыру және Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде осы бағыттағы жұмысты үйлестіру;

3) Департамент немесе өзге де мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өткізетін мемлекеттік тілдің қолданылу саласында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

4) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және құжаттың түпнұсқалығы мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша Топтың қызметіне жататын мәселелер бойынша өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда департаменттің мүддесін білдіру;

2) өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

3) Топтың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

4) Департаменттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының орындауы үшін міндетті құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулар беру;

5) Департаменттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымында іс жүргізу жұмысының жай-күйіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру, кешенді тексерулерді дайындауға және жүргізуге қатысу;

6) Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер өткізу;

7) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау бойынша бақылаудағы құжаттарды уақтылы емес және сапасыз орындағаны және ведомстволық архивке сақтауға беру кезінде құжаттарды ресімдеу мерзімдерінің бұзылғаны үшін орындаушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

8) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

9) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберу;

10) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан мемлекеттің тіл саясатын және ақпараттық саясатты регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің нормалары мен ережелерінің сақталуын талап ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту процесін бақылау;

11) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйрену сабақтарына қатысуын бақылауды жүзеге асыру, Департамент басшылығына сабаққа қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;

12) оқу кезеңінің қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді білуіне емтихандарды қабылдауға бақылауды қамтамасыз ету;

13) мемлекеттік тілді дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

14) Департамент басшылығына мемлекеттік тілде іс жүргізудің даму процесіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ Департамент тіл саясаты желісі бойынша жұмысты жетілдіру, тіл туралы заңнаманың бұзылуына жол беретін басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ету;

16) іс жүргізу, мемлекеттік тілді дамыту және архив ісі мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелеріне, аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттер.

 

3-тарау. Топтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Топ заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Топтың бас мамандары Топ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Топқа жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  3. Топтың бас мамандары Департамент басшылығына Топ құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

Бұл мақсатта бас мамандар:

  • Топ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Топ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бас маман қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда Топ осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.
Дата публикации
19 февраля 2026