Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің
психологиялық қызмет тобы туралы
ереже
2 тарау. Топтың негізгі міндеттері мен функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) Төтенше жағдайлар аймағында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша гарнизон бөлімшелерінің психологтарына басшылық ету;
2) Төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізу және ол аяқталғаннан кейін оңалту;
3) Төтенше жағдайлар кезінде телефондағы "Қауырт желі" жұмысын ұйымдастыру;
4) зардап шеккендерді, сондай-ақ төтенше жағдайда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарын, жақындарын ақпараттық-психологиялық сүйемелдеу, оның ішінде медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну мүмкіндігі туралы анықтамалық ақпарат беру;
5) Департаментпен төтенше жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша жаттығу сабақтарын, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды жоспарлауға және өткізуге қатысу.
1.Жеке құрамның кәсіби қызметіне психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
1) қызметкерлердің, қызметке кандидаттардың жеке, зияткерлік сипаттамаларын зерделеу және кәсіби міндеттерді орындау мақсатында психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;
2) жоғары тұрған лауазымдарға кадрлық резервті қалыптастыру үшін психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұсынымдар дайындау;
3) жеке құрамды кәсіби-психологиялық даярлау;
4) тереңдетілген психологиялық-педагогикалық назар аударуды талап ететін жеке құраммен жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ("байқау тобы»);
5) жеке құрамға психологиялық консультация беру;
6) қызметкерлер арасында аутоагрессивті мінез-құлық нысандарының (суицидтердің) алдын алу бойынша психологиялық жұмысты ұйымдастыру;
7) басшылар үшін жеке құраммен жұмыста тәртіпті бұзудың профилактикасы мен алдын алудың ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
8) кәсіби міндеттерді орындауды жұмылдыру үшін ұжымдармен және басшылық құраммен қызметтік (оқу) ұжымдарды біріктіру бойынша әлеуметтік психологиялық тренингтер, тимбилдинг ұйымдастыру және өткізу;
9) топтың құзыреті шегінде қызметтік тергеу жүргізуге қатысу;
10) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
11) Нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Департамент басшылығына кеңестерде топтың құзыретіне кіретін мәселелерді қарау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3 тарау. Топ қызметін ұйымдастыру