«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1 Тарау. Жалпы ережелер
2 Тарау. Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) Мемлекеттік сатып алу процесін ұйымдастыру;
2) Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және күрделі құрылысты ұйымдастыру.
3) Департамент балансындағы тауарлық-материалдық құндылықтарды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен тылдық қамтамасыз ету саласындағы қызметті ұйымдастыруға қажетті мәліметтерді сұратады;
2) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол бермейді;
5) мемлекеттік, еңбек және қызметтік тәртіпті сақтайды, өзінің лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындайды;
6) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермейді, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады.
7) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту;
2) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ТЖ жою және алдын алу саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын бақылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекіткен қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шеңберінде техника, өрт-техникалық құтқару жабдықтары мен жабдықтарын, заттай мүлікті, басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу;
5) Департаментті материалдық-техникалық жабдықтауға мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану бойынша бөлінген қаражат негізінде ұсыныстар әзірлеу;
6) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысу;
7) Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді әзірлеу;
8) Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен негізгі құралдарды қабылдау-беру мәселелерін қарау және келісу;
9) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, қолдану, орналастыру, ауыстыру және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
10) мемлекеттік рәміздерді қолдану, орналастыру, ауыстыру және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуді үйлестіру;
11) құзыретті орталық мемлекеттік атқарушы органдармен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ақшалай қаражат бөлу мәселесін пысықтауға қатысу, жобалауға арналған тапсырмаларды қарайды және әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларды келіседі;
12) Департаменттің әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарын салуды, күрделі жөндеуді Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
13) пайдаланылмайтын мүлікті жою, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы беруді, өткізуді, жоюды ұйымдастыру;
14) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің автокөлік құралдарына бақылауды қамтамасыз ету, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды сақтау және беру тәртібінің сақталуын, есепке алуды жүргізудің дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
15) Департаменттің жұмыс жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
16) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келіп түсетін ұсыныстарды, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде Министрліктің ресми сайтында орналастырылған жарияланымдар мен хабарламаларды қарау, сондай-ақ олар бойынша ұсыныстар шығару және тиісті шешімдер қабылдау;
17) Департаменттің қызметтік үй-жайларын жиһазбен, мүкәммалмен жабдықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ Министрліктің теңгеріміндегі автокөлікті, жабдықтар мен мүкәммалды пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету;
18) тауар-материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізуді бақылау, қабылдау және беру.
Өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметін ұйымдастыру