Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

анықтау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

 

  1. Анықтау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бекітеді.
  4. Бөлім мыналардан тұрады:

1) бөлім бастығы;

2) бөлімнің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы;

3) бөлімнің аға анықтаушысы.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтаушыларының тергеуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жан-жақты, толық және объективті тергеу мақсатында Анықтау бөлімшелерінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдіснамалық басшылық ету.

Функциялар:

1) анықтау бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

2) анықтау бөлімшелерінің жұмысын бақылау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, олардың қызметін тексеру, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және орындалуын бақылау;

3) анықтаушылардың анықтау жүргізуіне және заңдылықты сақтауына процестік бақылауды жүзеге асыру, неғұрлым күрделі қылмыстық істерді тергеуге көмек көрсету, осы істер бойынша қадағалау іс жүргізуін жүргізу болып табылады;

4) анықтаушылар жүргізетін ауданаралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді үйлестіру;

5) кадр саясатын қамтамасыз ету және анықтаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру;

6) анықтау өндірісі мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;

7) анықтаушылардың құқық қолдану практикасын зерделеу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жүйелі есепке алуды жүргізу, анықтау бөлімшелерін оның өзгерістері мен толықтырулары туралы хабардар ету болып табылады.

  1. Міндеті: қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды уақтылы әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту.

Функциялар:

1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде анықтау жүргізу;

2) ауданаралық сипаттағы ерекше күрделі немесе ерекше қоғамдық маңызы бар қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі бөлімнің тікелей анықтаушыларының қылмыстық істерді тергеуін ұйымдастыру;

3) тергеу және заңда көзделген өзге де процестік әрекеттерді жүргізу кезінде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурорлардың, анықтаушылардың жазбаша тапсырмаларын орындау;

4) Анықтау бөлімшелерінің жұмысындағы келеңсіз көріністер мен үрдістерге ден қоюдың қажетті шаралары туралы ұсыныстар енгізу болып табылады;

5) анықтаушылардың ішкі істер органдарының қызметтерімен, прокуратура, әділет органдарымен, соттармен және т. б. өзара іс-қимылын ұйымдастыру.;

6) статистикалық және өзге де ақпаратты талдау, анықтау өндірісінің сапасын жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру.

  1. Міндеті: жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) қылмыстық істерді тоқтата тұрудың және тоқтатудың негізділігін зерделеу;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу үшін ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдалану.

  1. Міндеті: Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық.

Функциялар:

1) ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы құзыретті органдардың сұрау салуларын ұйымдастыру және орындау;

2) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы ведомствоаралық тергеу тапсырмаларын белгіленген тәртіппен дайындау және жолдау;

3) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

  1. Міндеті: қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Функциялар:

1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде ұсынымдар қабылдау;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы құзыретті ұйымдар мен мекемелерге ұсыныстардың уақтылы жіберілуін бақылау;

3) ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы енгізілген ұсынымдарды орындамағаны туралы белгіленген заңнамаға сәйкес шаралар қолдану үшін прокуратура органдарына ақпарат жіберуді қамтиды.

  1. Міндеті: азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау.

Функциялар:

1) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша өтініштерін, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген материалдық нұқсан бойынша ақпаратты қорыту, зерделеу және талдау.

  1. Міндеті: мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының тәжірибесіне қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің отандық және шетелдік
    оң тәжірибесін зерделеу, жинақтау және енгізу.

Функциялар:

1) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді ұйымдастырудың
оң нысандары мен әдістерін енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің озық тәжірибесін анықтау, зерделеу және қорыту, оны анықтаушылардың жұмыс практикасына енгізуді ұйымдастыру;

3) «Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы» ведомстволық журналына жариялау үшін оң тәжірибе туралы материалдар дайындау.

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

Құқық:

1) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеп-тексеру кезінде басқа органдарға, ұйымдарға және лауазымды адамдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге міндетті;

2) іс жүргізіліп жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша азаматтарды шақыртуға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алуға, жауап алуға, сондай-ақ дәлелсіз себеппен келуден жалтарған адамдарды белгіленген тәртіппен күштеп әкелуге;

3) заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге, оларды жүргізуге мамандар тартуға, нақты деректерді жинау және зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ жеке өмір, жеке және отбасылық құпия туралы мәліметтер жария етуге жатпайды;

4) міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды, Ақпараттық жүйелерді пайдалану;

5) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін Бөлім қызметін жариялау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайларын, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды анықтау, жасырынған адамдарды іздестіру үшін өтеусіз пайдалануға құқылы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу мақсатында мемлекеттік органдар мен меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан, оның ішінде арнаулы органдардан, ақпарат пен материалдарды кедергісіз және өтеусіз алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қозғалған қылмыстық істер бойынша;

7) заңды және жеке тұлғаларға қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде орындалуы міндетті ұсынымдар беруге міндетті;

8) анықтау бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге міндетті;

9) органдардан, бөлімшелерден, мекемелерден, білім беру ұйымдарынан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

10) қалалық, аудандық органдардың анықтау бөлімшелері басшыларының есептерін тыңдауға;

11) анықтаушылардың біліктілігін арттыру (қайта мамандандыру) бойынша, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша аумақтық бөлімшелер қызметкерлерін Департаменттің анықтау бөлімінде тағылымдамадан өту бойынша ұсыныстар енгізуге;

12) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге және оларға қатысуға құқылы;

14) анықтау өндірісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті;

15) анықтау бөлімшелері қызметіндегі заңдылықтың жай-күйін тексеруге міндетті;

16) жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа мәліметтерді сұрату және алу;

17) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндеттері:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға құқылы;

2) жасалған немесе дайындалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, сондай-ақ арыз берушіге заңнамада белгіленген мерзімде арызды қарау нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беруге;

3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті;

4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру;

5) заңда көзделген тергеп-тексеру құпиясын қамтамасыз етуге, қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын,
ар-намысын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғау жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдауға міндетті;

6) тергеу және заңда көзделген өзге де процестік әрекеттерді жүргізу кезінде судьялардың қаулыларын, прокурордың, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауға міндетті;

7) Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауға міндетті;

8) оқиға болған жерлерге шығуды жүзеге асыруға міндетті;

9) жеке құраммен тәрбие жұмысы және қызметтік даярлау жөніндегі
іс-шараларды жүргізуге міндетті;

10) қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу жөніндегі, оларды жасаған адамдар туралы, қылмыстық істер туралы құжаттарды, анықтаушылардың жұмыс нәтижелері туралы есептерді жасауға және ұсынуға;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бастық басқарады.
  3. Бөлім бастығы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Бөлім бастығы Департамент басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта бастық:

1) бөлімнің құрамына кіретін анықтаушылардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;;

2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан Департаменттің басқа құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Бөлім бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
  2. Осы Ережеге қажет болған жағдайда Бөлім өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Дата публикации
19 февраля 2026