Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің кадр және тәрбие жұмысы басқармасы туралы Ереже

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше  жағдайлар департаментінің

кадр және тәрбие жұмысы басқармасы туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы бөлім

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) кадр және тәрбие жұмысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) азаматтық қорғау органдары (бұдан әрі – АҚО) жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, осы Ережеде айқындалған міндеттер мен функцияларды орындайтын дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі – Министр), Департамент бастығының бұйрықтарымен, Департамент Регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штат санын министр Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
  4. Басқару мыналардан тұрады:

1) Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы тобы;

2) Жеке құрам жөніндегі инспекция тобы.

     

2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: бөлімшелерде бірыңғай кадр және тәрбие жұмысын жүзеге асыру.

Функциялары:

1) бөлімшелерде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Министрлік, Департаменттің  кадрлық және тәрбие жұмысын саласындағы шешімдерін іске асырады, оларды төмен тұрған бөлімшелердің орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы Министрлік хабардар етеді, кадрлық және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік басшылықты жүзеге асырады;

2) төтенше жағдайлар бөлімшелерінде кадр және тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау, әскери, мемлекеттік және азаматтық қызмет туралы заңнамаларын орындау бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

4) бөлімшелеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, кешенді инспекторлық және бақылау тексерулерге қатысады, жұмыстың оң тәжірибелерін жинақтайды және таратады;

5) кадр және тәрбие жұмысының жетілдіру мәселесі бойынша облыстық және өңірлік кеңестерді, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды  ұйымдастырады және жүргізеді,

6) АҚО кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

7) Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асырады;

8) Департамент басшылығы жанындағы жедел кеңестерге, Алқа жұмысына, стратегиялық және операциялық жоспарларға ұсыныс енгізеді;

9) Министрліктің, Департаменттің басшылығы жанындағы кеңестерге, Алқа отырысына кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін қарау үшін материалдар дайындайды;

10) Басшылық жанындағы жедел кеңестердің, Алқа шешімдерінің, Министрлік басшылығының кадрмен жұмыс мәселесі бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

11) нормативтік құқықтық актілерді және Басқармаға қатысты құқықтық актілерді әзірлеуге  ТЖМ-не ұсыныс енгізеді.

  1. Міндеті: АҚО-да қызметті өткеруді ұйымдастыру.

Функциялары:

1) қызметке кандидаттарды алдын ала зерделеуді және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;

2) АҚО кадрларын жинақтауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, кадрларды қызметке бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;

3) мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады;

5) АҚО қызметкерлерінің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

6)  АҚО қызметкерлері мен әскери қызметкерлерінің әскери және арнаулы атақтарын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

7) АҚО қызметкерлері лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын әзірлеу үшін, ұсыныс енгізеді;

8) АҚО шығарылған тұлғаларға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады;

9) Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғалардың дербес және статистикалық есебін қалыптастырады, қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі бойынша архивтік-іздестіру және анықтамалық  қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;

10) АҚО жеке құрамымен қызмет өткеру мәселелерімен байланысты еңбек даулары бойынша материалдарды қарайды;

11) қызметкерлерді марапаттау жұмысын ұйымдастырады;

12) шекті жасына жеткен қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;

13) Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің аттестаттаудан өткізу бойынша жұмысын ұйымдастырады;

14) резервке енгізуге ұсынылған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілердің материалдарын дайындайды;

15) мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («Е-Қызмет» ақпараттық жүйесі) есепке алуды жүзеге асырады;

16) ТМЖ жетекшілік ететін қызметтер мен бөлімшелер бойынша аналитикалық анықтама-мәліметтерді дайындайды, кадрлар бойынша орталықтандырылған жедел статистикалық мәліметтерді қалыптастырады және жүргізеді;

17) АҚО қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған және тиісті тәртіпте әскери есептен алып тасталған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізеді;

18) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің Ережесін әзірлейді және өзгерістер мен қосымшалар енгізеді;

19) АҚО-да және олардың бөлімшелерінде кадрларды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

  1. Міндеті: АҚО жүйесінде ведомстволық білім беру саласындағы саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) белгіленген уақыттарда АҚО қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлайды және ұйымдастырады, сондай-ақ АҚО қызметіне талапкерлерді алғашқы кәсіби оқытуды ұйымдастырады, осы жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық пен бақылау жүзеге асырады;

2)  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарға қажеттілікті зерделейді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясына (бұдан әрі – Академия) мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) Академиясы және шет елдердің білім беру ұйымдарына оқуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады;

4) Академиясының түлектерін Департамент бөлімшелеріне жыл сайын бөлуді ұйымдастырады және бақылайды, оларды  ұтымды орналастыру және қызметте бекіту жөнінде шаралар қабылдайды; 

5) АҚО-да бес жыл жұмыс істемеген Академиясының түлектерін АҚО-дан босату жөніндегі материалдарды қарайды, олардың есебін жүргізеді, сондай-ақ олардың оқуына жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. 

  1. Міндеті: жүйелі кәсіби қызметтік жұмысты ұйымдастыру АҚО қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығы.

Функциялары:

1) АҚО қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау;

2) АҚО қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын жүзеге асыруды регламенттейтін құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

3) ТЖМ орталық аппараты қызметкерлерінің және аумақтық бөлімшелердің  басшылығының аттестаттау, сыныптық біліктілігін айқындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. АҚО қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне кластық біліктілікті беру, арттыру, растау, төмендету және алып тастау тәртібіне бақылауды және оның есебін жүзеге асыру;

4) АҚО-ға қызметке кандидаттардың түсуі кезінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;

5) АҚО-да қызметтің кәсіби дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

6) АҚО-да спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру.

  1. Міндеті: АҚО-да идеологиялық жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1) жеке құрам арасындағы идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша ТЖМ және оның аумақтық органдары қызметтерінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;

2) қызметкерлерде азаматтықты, патриотизмді, жоғары имандылық, психологиялық, іскерлік және өзге де қажетті қасиеттерді, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық актілерін сақтауға, қызметтік борышын орындауға саналы және адал көзқарасты қалыптастыру, анттың және жарғылардың талаптарын, бастықтар мен командирлердің бұйрықтарын (нұсқауларын) қатаң және нақты орындаудың саналы қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

3) идеологиялық даму мәселелері бойынша ардагерлер ұйымдарымен өзара
іс-қимыл жасайды;

4) АҚО-да дәстүрлер тарихын сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, АҚО қызметкерлерінің мемлекеттік-құқықтық дүниетанымын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, АҚО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастырады;

5) АҚО-да салтанатты, мерекелік және естелік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

6) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан АҚО қызметкерлерінің ерліктерін есте сақтау және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

7) АҚО тәлімгерлер кеңестерінің, офицерлік, сержанттық жиналыстардың және әйелдер кеңестерінің қызметін бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

8) АҚО қызметкерлерінің беделі мен абыройын арттыруға бағытталған АҚО қызметін насихаттайды;

9) АҚО ведомстволық музейлерінің қызметін ұйымдастырады және мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;

10) Министрліктің тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.

  1. Міндеті: АҚО-ның жобалық қызметін ұйымдастыру.

Функциялары:

  • ТЖМ қызметтерімен бірлесіп, АҚО жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2)  АҚО жүйесін дамыту саласында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

  1. Міндеті: АҚО жүйесінде бірыңғай ұйымдастырушылық-штаттық саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) ұйымдастырушылық - штаттық іс-шараларды жүргізу сұрақтары бойынша өгеріс енгізуге ұсыныс береді;

2) қосымша штат санын енгізу, қолда бар штаттарды ұтымды пайдалану мақсатында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

3) қызметкерлерге берілетін жүктемені талдауды, қызметтер мен қаржыландыру көздері бойынша штат санын есепке алуды жүзеге асырады.

  1. Міндеті: азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылықты және тәртіпті бұзуының алдын алу.

Функциялары:

1) АҚО жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

2) жеке құрам арасындағы төтенше оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді;

3) өз құзыреті шегінде жеке құрам арасында еңбек заңнамасының және АҚО-да қызмет өткеру туралы заңнама тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, жеке құрам арасында төтенше жағдайлардың профилактикасы бойынша іс-шараларды өткізеді; 

4) тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер мен бөлімшелердің басшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;

5) құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бағынысты бөлімшелерде тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) ТЖМ ОА тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

7) қызметкерлердің, әскери қызметшілердің, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің заңдылықты және төтенше оқиғаларды бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізуді жүзеге асырады;

8) Министрлік басшылығының нұсқауы бойынша қызметтік ғимараттар мен аумақтарды күзету режимін тексеруді жүзеге асырады.

  1. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

Басқарма өз құзыреті шегінде құқылы:

1) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді АҚО-ның басқа бөлімшелерінен сұратуға және алуға;

2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар беру;

3) Министрлік қызметтерінде және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберу;

4) басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіппен Департаменттің тиісті бөлімшелерін тартуға;

5) белгіленген тәртіппен кеңестер, жұмыс кездесулерін, конференциялар мен семинарлар өткізуге міндетті;

6) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент басшылығының келісімі бойынша бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдауға;

7) қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қарау;

8) Департаменттің бөлімшелеріндегі қызметтік тергеу, адамдарды компьютерлік есепке алу материалдарымен, өзге де материалдармен белгіленген тәртіппен танысуға құқылы;

9) тәуліктің кез келген уақытында азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық ғимараттары мен үй-жайларына қызметтік куәлігін көрсетіп кедергісіз кіруге немесе іргелес аумаққа қызметтік автокөлікпен кіруге құқылы. Басшылар мен қызметкерлерден қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде жан-жақты жәрдем көрсетуді талап етуге;

10) іс жүргізіліп жатқан қызметтік тексеру материалдары бойынша қызметкерлерді және өзге де адамдарды шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар алуға, олардың көшірмелері, сауалнама жүргізу;

11) өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Департаменттің міндеттері:

1) Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің, Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

2) алқа шешімдерінде, Министрлік жоспарларында көзделген
іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

3) Министрлік аппараттық кеңестерінің, алқа отырыстарының материалдарын дайындауға қатысуға;

4) іс қағаздарын жүргізуді, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі
іс-шараларды қамтамасыз етуге міндетті;

5) қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.

6)  кадрлық қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, өкімдердің, нұсқаулардың талаптарын білу және сақтау;

7) жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайту жөніндегі жұмысқа бақылауды жүзеге асыру;

8) кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты басшылықтың бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

9) заңдылықты, қызметтік, әскери, еңбек тәртібін бұзуға ықпал ететін анықталған себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар әзірлеуге жауап беру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

10) бұйрықтардың, өкімдердің жобаларын, кадрлық қызмет, атқарушылық және еңбек тәртібі мәселелері бойынша анықтамалар мен талдауларды, статистикалық және жедел есептерді уақтылы дайындау;

11) сеніп тапсырылған қызметтік құжаттаманың және тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

12) лауазымдық және функциональдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, өзінің кәсіби деңгейін арттыру.

  1. Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылады:

жүктелген лауазымдық және функциональдық міндеттерді уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін;

кадр қызметі мәселелерін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны және орындамағаны үшін;

мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамағаны үшін.

 

3-тарау. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
  3. Басқарма бастығы Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Басқарма бастығы Департамент басшылығына Департаменттің құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта Басқарма бастығы:

1) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің орта және аға басшы құрамының қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;

3) Департаменттің орта және аға басшы құрамының қызметкерлеріне арнайы атақтар беруге ұсынады;

4) Департамент басшылығына Департамент қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

5) Басқарманың жұмыс жоспарын бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

7) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

8)  Басқарманың қызметін өз өкілеттіктері шегінде үйлестіреді;

9)  Департамент бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
18 февраля 2026