Қазақстан Республикасы Төтенше жагдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Ережесі

Қазақстан Республикасы Төтенше жагдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жагдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрлымдық бөлімшесі болып табылады, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етіп іске асырады, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Қазақстан Республикасымен орнатылған заңнамасы бойынша басқарманың құрлымы, штаттық саны мемлекеттік органның уәкіл тұлғасымен бекітіледі.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері,

құқығы мен міндетері

 

  1. Міндеттер: қауіпті өндірістік объектілердің авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру.
  2. Құқығы мен міндетері:

1) өз құзыретіне шегінде міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

2) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан, қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

3) белгіленген тәртіппен Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

  4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

5) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

  1. Басқарманың функциялары:

 1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізеді;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді нормативті құқықтық актілерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетеді;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

5) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға еңгізу кезінде оны қабылдау сынақтарына техникалық куәландыруға қатысады;

6) жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

7) адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолданады;

8) екi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi қоспағанда қауiптi өндiрiстiк объектiлерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсiледi;

9) Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;

10) қауіпті өндірістік объектілерді оқу дабылдарын өткізуге қатысады;

11) өндірістік жағдайларда жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік партиясын бақылау және қадағалау сынақтарын өткізу жөніндегі комиссияға қатысады;

12) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

13) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстарын, техникалық және қауіпті техникалық құрылғыларын техникалық куәландырулардың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

14) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардаң авариялар мен олардың салдарын жою және оқшаулау жұмыстарын жүргізуге дайындығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

15) магистральдық құбыр жолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

16) жеке және заңды тұлғаларға бақылау нәтижелері туралы Актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды, қызметке тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы немесе олардың жекелеген түрлер қызметіне өндірістік қауіпсіздік саласындағы актіні береді;

17) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

18) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған тау-кен жоспарын келіседі;

19) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын бекітеді;

20) өтініш берушінің біліктілікке және/немесе рұқсат етілген талаптарға сәйкестігіне Департаменттің құзыреті шегінде рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;

21) құзыретті органмен бірге жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияға қатысу;

22) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

23) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

24) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ осы заңды  тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелерінің білімін тексеру (емтихандар) өткізеді;

25) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде өзге де заңдарында көзделген функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарманың заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Басқарма басқарма басышысы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторы басшылық етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
  3. Басқарма басшысы Басқарма қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
  4. Басқарма басшысы Департаменттің басшылығына Басқарманың құрылымы мен штатық саны туралы ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта Басқарма басшысы:

1) Басқарманың құрамына кіретін бөлім басшыларын, бас мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары не сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар анықталған жағдайда, бұл туралы Департамент басшылығын хабардар етеді;

3) Басқарма қызметерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

4) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

5) өзінің құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге құрылымдық Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.

 

 

Дата публикации
18 февраля 2026