Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Азаматтық қорғаныс басқармасы туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бастық - 1 бірлік;
2) аға офицер - 3 бірлік;
3) офицер - 1 бірлік;
2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Функциялар:
1) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу.
Функциялар:
1) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) аумақтық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеу;
3) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
4) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету;
5) Министрліктің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу жатады;
6) азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныс бастығы – облыс әкіміне бекітуге енгізу;
7) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу болып табылады;
8) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу жатады;
9) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру жөнінде ұсыныстарды азаматтық қорғаныс бастығы – облыс әкіміне енгізу;
10) Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша Комитетке ұсыныстар енгізу;
11) азаматтық қорғаныс мүддесінде Комитетке және жергілікті атқарушы органға азаматтық қорғау құралдарына, техникаға, қорғау құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;
12) облыс аумағында қорғаныс құрылыстарының қажетті қорының, жеке қорғаныш құралдары қорларының, азаматтық қорғаныстың басқа да мүліктерінің жинақталуын есепке алуды жүргізу;
13) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс - шараларын жоспарлау үшін азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың, облыс аумағында орналасқан химиялық-радиациялық және биологиялық қауіпті объектілердің есебін және олардағы ең көп жұмыс істейтін ауысымдар санын жүргізу;
14) азаматтық қорғаныс саласындағы білімді, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру және насихаттау;
15) азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
16) қалаларды топтарға, ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу жөніндегі комитетке ұсыныстар дайындау;
17) аумақтық азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қатысу;
18) Басқарма құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
19) Департамент құрамына кіретін Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің азаматтық қорғаныс және жауынгерлік даярлық мәселелері бойынша жиындарды, оқу-жаттығулар мен жаттығуларды дайындау және өткізу;
20) облыс аумағында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу;
21) Департамент бөлімшелерін радиациялық және химиялық барлау, бақылау аспаптарымен және өзге де мүлікпен жарақтандыру нормаларына ұсыныстар енгізу;
22) Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді дайындау және тиісті ұсыныстар енгізу;
23) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
24) комиссия құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.
Функциялар:
1) Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;
3) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
4) Министрліктің және Комитеттің ресми Интернет-ресурсында жариялау үшін тексерілетін субъектілердің тексерулері бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерін комитетке жіберу;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Комитетке ұсыныстар жолдау;
2) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұрату және алу;
3) Департамент құрамына кіретін Министрліктің аумақтық бөлімшелеріне қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын орындау;
4) Департамент бастығына Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді аппараттық және жедел кеңестерде қарау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;
5) Департамент құрамына кіретін Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мәселелері бойынша жұмыс жағдайына тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру;
6) талдамалық зерттеулер, тексерулер мен қызметтік тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша Департамент құрамына кіретін Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ нақты лауазымды адамдардың қызметіне бағалау беруге міндетті;
7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде халықаралық кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
8) басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге ұсыну;
9) Басқарма құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
10) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
1) Басқарма құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент басшылығына Басқарманың құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар береді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
4) Департамент бастығына басқарма қызметкерлері мен азаматтарды ұсынады ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапаттауға;
5) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;
6) Департамент бастығына тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
7) Департамент бастығына басқарманың әскери қызметшілеріне кезекті әскери атақтар беру туралы ұсыным енгізеді;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады, өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарма бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
осы ереже.