Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрліктің, өртке қарсы қызмет комитетінің, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрықтарына және нұсқауларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат санынының лимиті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Басқарманың құрамына Өрт сөндіру кезекші қызметі (бұдан әрі- ӨСКҚ) кіреді.

 

2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Басқарманың мақсаттары:

1) гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастыру және бақылау;

2) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

3) өртті сөндіруге гарнизон күштер мен құралдарын тиімді қолдану үшін қажетті жағдайлар жасау;

4) өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын басқарудың бірыңғай жүйесін құру;

5) жалпы гарнизондық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында шұғыл қызметтермен және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара
іс-қимылды ұйымдастыру;

7) өрттерді сөндіруді басқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

8) өрт сөндіру бөлімшелерінің ден қоюға дайындығын жоғары деңгейін сақтау;

9) көрші өңірлердің Мемлекеттік өртке қарсы қызметтерімен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

10) өрт сөндіру бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын айқындау және бақылау мәселелері;

11) азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өрт сөндіру бекеттерін және ерікті өртке қарсы құралымдарды құру, олардың жұмыс істеуі, дамуын, өрттерге ден қою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері.

 

  1. Басқарманың функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттерді сөндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) жергілікті ерекшеліктерді және бөлімшелердің жарақтандырылуын ескере отырып, өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу әдістемесі мен тәсілдерін әзірлеу;

3) қарауыл қызметінің жай-күйін талдау, оны ұйымдастыруда бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды белгілеу;

4) өрт сөндіру бөлімшелерін тұрақты әзірлікте ұстау;

5) өрт-техникалық құралдары мен жабдықтардың сынақтарын уақтылы жүргізілуін бақылау;

6) гарнизонның жедел өрт сөндіру құжаттамасын жүргізу;

7) гарнизонда газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;

8) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өрттермен күресуге дайындығын, сондай-ақ елді мекендердің аумақтарын және мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерін өрттен қорғауды қамтамасыз етуді бақылау;

9) өрт сөндіру бөлімшелерінде қауіпсіздік режимін ұйымдастыру (қызмет атқару, шаруашылық жұмыстарын жүргізу, өрт-құтқару дайындығы жөніндегі нормативтерді пысықтау, өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде);

10) өрт сөндіру бөлімшелерінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өз денсаулығының қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қызметтік құжаттаманы жасау (ҚТ жауапты бұйрықтар, нұсқамалар, нұсқамаларды есепке алу журналдары және т. б.);

11) қызмет өткеру, оқу-жаттығу (сабақ), өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстары барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен болған жарақаттану және жазатайым оқиға кезінде, сондай-ақ өрт сөндіру көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары бойынша қызметтік тергеуге қатысу;

12) өрт сөндіру машиналарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын талдау, гарнизонда өрт сөндіру бөлімшелерінің автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру бойынша профилактикалық шараларды қабылдау;

13) өрт сөндіру бөлімшелерінің құралдарына, техникаға, қорғау құралдарына, өрт автотехникасына арналған қосалқы бөлшектерге, басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілігін айқындау, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға, сатып алынатын өрт-техникалық және авариялық-құтқару құралдарын қабылдауға қатысу және оларды есептен шығару (жергілікті атқарушы органдарға беру);

14) сатып алынатын өрт және құтқару техникасына, өрт-техникалық құралдарына, өрт бөлімшелері үшін авариялық-құтқару жабдығына техникалық ерекшеліктерді әзірлеу;

15) өрт сөндіру деполарын күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру, жаңа өрт сөндіру деполарын орналастырудың және олардың құрылысының оңтайлы орындарын айқындау жөніндегі жұмысқа қатысу;

16) жедел-қызметтік қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша гарнизонның жыл сайынғы талдауларын қорытындысымен мен ұсынымдарымен дайындау;

17) өрт-құтқару спортын жетілдіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

18) өрт сөндіру бөлімшелерінде тактикалық-арнайы дайындықты (ТАД) ұйымдастыру, ТАД бойынша оқу жоспарларын әзірлеу, жедел ден қоюға әзірлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

19) өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел-қызметтік қызметін ТЖД тақырыптық (жедел) тексерулеріне қатысу;

20) командалық-штабтық оқу-жаттығу (жаттығу) барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылдарын үйлестіру;

21) жергілікті жағдайларды және гарнизонды жарақтандыруды ескере отырып, өрт сөндіру бойынша іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу, табиғи өрттерге ден қою жоспарларын дайындау;

22) өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметіне, өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты келіп түскен нұсқаулар, олардың орындалуы жөніндегі ақпараттарды жиынтығу;

23) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерін, ерікті өртке қарсы құралымдарын құру жолымен облыстардың төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) қызметін үйлестіру;

24) жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерін және ерікті өрт сөндіру құрылымдарын ұйымдастыру мен есепке алу;

25) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде (халықты барынша қамту мүмкіндігін негізге ала отырып) өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерін және ерікті өрт сөндіру құрылымдарын енгізудің басым орындарын айқындау;

26) елді мекендерді өрттен қорғаумен қамту карталарын әзірлеу (ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің, әкімдіктердің өрт сөндіру бекеттерінің және ерікті өртке қарсы құралымдарын орналасқан жерлерін көрсете отырып).

 

  1. ӨСКҚ функциялары:

1) гарнизондағы жедел жағдайды бақылау, оның өзгеруіне уақтылы ден қою (оның ішінде күштер мен құралдардың саны мен сапасын арттыру арқылы), гарнизонның күштері мен құралдарын жедел басқару, гарнизондық қызметті ұйымдастырудағы мәселелерді анықтау;

2) гарнизондық іс-шараларды дайындауды және оларды өткізуге жеке қатысуды қамтамасыз ету;

3) өрт сөндіру бөлімшелерінде гарнизондық және қарауылдық қызметті белгіленген тәртіппен атқаруды тексеру;

4) сәйкес өрттерге, авариялар мен дүлей зілзалалар орындарына шығу өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі қағидалардың талаптарымен, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысатын өртті сөндіруге немесе қарауылдардың жұмысына басшылық жасау (гарнизонның аға лауазымы келгенге дейін);

5) қызметті ұйымдастыру, сабақтарды дайындау (өткізу) және өрт сөндіру мәселелері бойынша өкімдік және өзге де құжаттаманы білу;

6) өрт сөндіру бөлімшелерінде тактикалық-арнайы дайындықты ұйымдастыруды бақылау, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізу және нәтижелерін талдау;

7)жарылыс қаупі бар және күшті әсер ететін улы заттар (КӘУЗ) бар объектілердің тізбесін білу;

8) өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының жедел шығу кезінде (өрт, жану, оқу-жаттығулар, сабақтар және басқалар)еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың белгіленген шараларын сақтауын бақылау;

9) өрт сөндіру автомобильдерінің және өзге де техниканың өрт есебіне уақтылы қойылуын бақылау;

10) қызмет атқаруда анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде оқиға орнына барып, аудандық (қалалық) гарнизондардағы жедел жағдайдың жай-күйіне теріс әсер ететін ықтимал тәуекелдерді анықтап ТЖД бастығына және оның бірінші орынбасарына баяндау;

11) өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

12) өңірдегі өртке қарсы сумен жабдықтаудың жай-күйін бақылау;

13) газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері мен буындарының жеке құрамының тыныс алуға жарамсыз ортадағы жұмысқа дайындығын, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының техникалық жай-күйін, газ-түтіннен қорғау қызметінің бақылау бекеттері мен базаларының әзірлігін бақылау;

14) ауысым қызметінің бағыттары бойынша талдау қызметін жүргізу.

 

  1. Ауысымдық (қарауылдық) форматтағы қызметті ескере отырып, ӨСКҚ-ға мынадай желілік (ауысым бойынша) міндеттер жүктеледі.

 

7.1 № 1 Ауысымға:

1) бөлімшелердің өрт жеңдерін есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру (есепте және резервте болуы, пайдаланудың дұрыстығы, жеңдердің жұмысын есепке алу, оларды сақтау шарттары), жеңдер базасының қызметін жетілдіру;

2) өрт-техникалық құралдарының (бұдан әрі-ӨТҚ) жай-күйін бақылауды, ӨТҚ, диэлектрлік құралдарды уақтылы сынауды және өрт сөндіру жеңдері, өрт сөндіру автомобильдері ӨТҚ-мен жасақталуын қамтамасыз ету;

3) ӨТҚ пайдалануды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) бөлімшелерде жең шаруашылығы, ӨТҚ бойынша қызметтік құжаттаманың жүргізілуін бақылау;

5) авариялық-құтқару құралдары мен ӨТҚ пайдалануды есепке алу, оларды пайдалану бойынша талдау жасау;

6) гарнизонның арнайы және инновациялық өрт сөндіру автотехникасы мен жабдықтарының іске қосылуына талдау жүргізу.

 

7.2 № 2 Ауысымға:

1) жедел құжаттамамен жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде жедел жоспарларды әзірлеу, қайта өңдеу және түзету жоспар-кестелерін жасау және өрт сөндіру карточкаларын есепке алу, сапасын талдау, олардың уақтылы орындалуы, жедел құжаттаманың электрондық базасын жүргізу (ОӨБП-да), құжаттарды уақтылы ауыстыру немесе ЖЖ және ЖК электрондық базасына өзгерістер енгізу;

2) ӨТЖ, ӨТС жоспар-кестелерін жасау, оларды жүргізуді есепке алу, өртте жедел іс-қимылдар карточкаларын жасауды бақылау, оларды жүргізу нәтижелері бойынша жиынтық қалыптастыру;

3) КӘУЗ, ОТЗ, ГС және жарылғыш заттар, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар бар объектілердің болуы бойынша гарнизондағы жиынтық ақпарат қалыптастыру;

4) көбіктүзгішті есепке алу мен сақтау тәртібін жүргізеді;

5) ЖҚҚ (ӨЖК, ЖШК, су өткізбейтін костюмдер, Л-1 костюмі, химиялық қорғаныс костюмі және т.б.) есепке алуды және пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;

 

7.3 №3 Ауысымға:

  • гарнизонның сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру, өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне техникалық қарап-тексерулер (түзетулер) жүргізудің уақтылығы, осы бағыт бойынша құжаттама жүргізу;
  • ауылдық елді мекендердің сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерімен қамтамасыз етілуін бақылау (оның ішінде қысқы кезеңде де), сусыз аудандар санын азайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу, осы мақсаттар үшін басқа да балама су көздерін дайындау (қазаншұңқырлар, бассейндер, су мұнаралары және т.б.);
  • өрт және авиатехника үшін су алу орындарын (пирстерді, өрт
    су айдындарын) есепке алу, картаға түсіру, оларды жайластырудың жаңа орындарын айқындау;
  • жергілікті атқарушы органдарды хабардар ете отырып өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін жалпы бақылау және талдау;
  • штабтық автомобиль құжаттамасын әзірлікке келтіру;
  • өрт мотопомпаларының, дербес электрмен қоректендіру көздерінің жарамдылығын бақылау, оларды өрт сөндіру бөлімшелерінің пайдалануын есепке алу.

 

7.4 №4 Ауысымға:

  • гарнизонда газ-түтіннен қорғау қызметін дамыту, барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде ГТҚҚ құру, жеке құрамды ТОЖҚҚ жұмысына рұқсат беру процессін ұйымдастыру, бөлімшелерді ТОЖҚҚ, компрессорлармен, тесторлармен және қозғалмайтын датчиктермен жарақтандыру;
  • гарнизонда ГТҚҚ бойынша құжаттаманың жүргізілуін бақылау, ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінің қызметінде кураторлық;
  • таза ауада, психикалық даярлықтың отты жолағында, жылу-түтін камерасында сабақтар өткізу кестесін әзірлеу;

4) бөлімшелердегі оқу мұнараларының техникалық жай-күйін талдау;

5) өрт сөндіру бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау режимінің жай-күйін тексеру және қауіпсіздік шараларын сақтау, өрт сөндіру бөлімшелерінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі құжаттаманың жүргізілуін бақылау.

 

7.5 №5 Ауысымға:

1) істердің номенклатурасына және МӨҚҚО қызметінің жарғысына
№7 қосымшаға сәйкес ӨСКҚ қызметтік құжаттамасын уақтылы әзірлеу және жаңарту;

2) өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметтік қызметін ұйымдастыруда анықтаған ӨСКҚ ескертулері бойынша мәліметтерді ай сайын жинақтау;

3) бөлімшелерді жартыжылдыққа (жылға) тексеру бойынша ӨСКҚ-ның жоспар-кестелерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

4) ӨСКҚ -ның атқарылған жұмысы туралы есептерді дайындау;

5) ӨСКҚ жұмысын жалпы бақылау, олар болмаған кезеңде штаттық қызметкерлерді ауыстыру;

6) барлық ауысымдардың бағыттары бойынша жеткілікті білімге ие болу.

Ескертпе: ӨСКҚ -ның 5-ші (резервтік) ауысымы болмаған кезде 1) және 3) тармақшалар бойынша міндеттер ӨСКҚ -ның 2 – ші ауысымына; 2) тармақша 3 – ші ауысымға; 4) тармақша-4 ауысымға; 5), 6) тармақшалар-басқаруға жүктеледі. Жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, 7.5-тармақта көрсетілген желілік міндеттердің бөлінуін өзгертуге жол беріледі.

 

  1. Басқарманың құқықтары:
  • өрт сөндіру бөлімшелерінің тиімділігі мен дайындығын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен мәліметтер сұратуға және алуға;

3) ТЖД басшылығына гарнизон қызметкерлерін мараппаттауға (ынталандыруға) немесе жүргізілген тексеру, өртті сөндіру немесе авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныстар жіберуге;

4) ӨСКҚ кезекшілік кезеңінде бөлімше басшыларына, аудандық және қалалық гарнизон бастықтарына, облыстық (қалалық, аудандық) гарнизон диспетчеріне гарнизондық және қарауылдық қызмет, өрт техникасын уақытша қайта орналастыру мәселелері бойынша өкімдер беруге;

5) ӨСКҚ гарнизондағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты сұратуға;

6) ӨСКҚ тиісті гарнизон бастығын дереу хабардар ете отырып, төтенше, кейінге қалдыруға шыдамайтын жағдайларда кезекші қарауылдардың (ауысымдардың) кіші және орта басшы құрамындағы тұлғаларды кезекшілік атқарудан шеттетуге;

 

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарманы ТЖД бастығы бұйрығымен лауазымға тағайындалған бастық басқарады.

 

  1. Басқарма бастығы өз қызметінде ТЖД бастығының бірінші орынбасарына тікелей бағынады. Басқарма бастығының екі орынбасары бар, олардың біреуі жедел-қызметтік мәселелерге, екіншісі өрт сөндіру бөлімшелерін материалдық – техникалық жарақтандыруға жауапты.

 

  1. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және қызметкерлердің жүктелген міндеттерді орындауы мен
    өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

 

  1. Басқарма бастығы Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруға дербес жауапты болады.

 

  1. Басқарма бастығы өз құзыреті шегінде өртті сөндіруді ұйымдастыру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, гарнизондық қызметті ұйымдастыру (оның ішінде МӨҚҚО бөлімшелері жоқ елді мекендерде), осы мақсаттар үшін облыс, әкімшілік аудандар гарнизондары шеңберінде тартылатын басқа да органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бөлігінде ТЖД және ТЖД (ТЖБ) саясатын айқындайды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің базалары, орталық жең базасы, өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі және мамандандырылған жасақтар басқарма бастығының тікелей қарамағында болады.

 

  1. Басқарма ерікті өрт сөндіру құралымдары мен өрт сөндіру бекеттеріне қолдау көрсетеді:

1) оларды өрт сөндіру бөлімшелерінде оқытуды ұйымдастыруда;

2) өрт техникасын жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттеріне беруде.

 

  1. Гарнизонның барлық өрт сөндіру бөлімдері, сондай-ақ ТЖБ бастықтары өртті сөндіру кезінде және қарауылдық және гарнизондық қызметтерді ұйымдастыру мәселелерінде жедел түрде ӨСКҚ бағынады.

 

  1. ӨСКҚ жедел кезекші басқарады, ол ӨСКҚ жедел тобының жұмысына дербес жауап береді. Жедел кезекшінің орынбасары мен көмекшісі тиісінше оның орынбасары және көмекшісі болып табылады.

 

  1. ӨСКҚ жедел топтарының қызметі төрт ауысымда ұйымдастырылады, түнгі уақытта 4 сағаттан аспайтын демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі. Ауысым уақыты ТЖД бастығы бекіткен күн тәртібімен белгіленеді.

 

  1. ӨСКҚ резервтік бесінші ауысымы үшін жұмыс уақыты 8 сағаттық жұмыс күнімен 5 күндік жұмыс аптасында штаттық режимде белгіленді.

 

  1. Өртті сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі ӨСКҚ кезекші тобының құрылымы:

1) жедел кезекші, өрттердегі кезекшілік кезеңінде өрттерді сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу басшысы болып табылады (гарнизонның аға лауазымды тұлғасы келгенге дейін);

2) кезекшілік кезеңінде жедел кезекшінің орынбасары өрттерді сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жедел өрт сөндіру штабы бастығының міндетін атқарады (ұйымдастыру мәселелері, әкімшілікпен жұмыс);

3) жедел кезекшінің көмекшісі, өрттерде тыл бастығының міндетін атқарады (өрт сөндіру учаскелерін сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету, автотехниканы орналастыру).

 

  1. ӨСКҚ штаттық қызметкерлерді ауыстыру қажет болған жағдайда оларды уақытша ауыстыра алады:

1) жедел кезекші-резервтік ауысымның жедел кезекшісі, жедел кезекшінің орынбасары, өрт сөндіру бөлімшелерінің бастықтары (дайындығы жоғары);

2) жедел кезекшінің орынбасары-резервтік ауысымның жедел кезекшісінің орынбасары, жедел кезекшінің көмекшілері, ОӨБП бастығы, өрт сөндіру бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары, басқарманың бас мамандары;

3) жедел кезекшінің көмекшісі-резервтік ауысымның жедел кезекшісінің көмекшісі, өрт сөндіру бөлімшелері бастығының орынбасарлары, қарауыл бастықтары (дайындығы жоғары);

4) жүргізуші-қызметкер- резервтік ауысым жүргізуші-қызметкері.

 

  1. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес
    өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

4-тарау. Басқарманың мүлкі

 

  1. Басқарма бастығы және оның қызметкерлері жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін тиістілік нормаларына сәйкес қажетті қызметтік үй-жайлармен, жиһазбен, жабдықпен, радиотелефондық байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе тауарларымен, қызметтік көлікпен және басқа
    да мүлікпен қамтамасыз етіледі.

 

  1. Басқарманың бастығы мен қызметкерлеріне бекітілген мүлік ТЖД меншігіне жатады.

 

  1. Басқарма қызметкерлерінің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
18 февраля 2026