Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ережесі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ережесі

 

  1. Негізгі ережелер

 

 

  1. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі бекіткен Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарма бастықтан, оның орынбасарынан, бас мамандардан және аға инженерлерден тұрады.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
  2. Функциялар:

1) заңнамаға сәйкес өрттің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) өрт қауіпсіздігі саласында тексерулерді ұйымдастыру;

3) облыстағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне жыл сайынғы талдау жүргізу және Департаменттің аумақтық бөлімшелері үшін ұсынымдар, сондай-ақ Департамент пен Министрлік басшылығына нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) қалалар мен аудандардың ТЖБ өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау қызметінің тиімділігі туралы жыл сайын талдау жүргізу;

5) өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

6) заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдіру;

7) Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Департаменттің аудандық және қалалық бөлімшелерінде «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйелерінің іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру;

8) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болғызбау жөніндегі
іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

9) заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні ішінара немесе толық пайдалануды тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздарын жасау және сот органдарына жіберу;

10) өрт қауіпсіздігі саласында оқыту мен насихаттауға талдау жүргізу және Департаменттің аудандық және қалалық бөлімшелері үшін ұсынымдар әзірлеу;

11) белгіленген тәртіппен профилактикалық жартыжылдық тізімдер бақылауды әзірлеу;

12) Департаменттің қалалық және аудандық бөлімшелерінің жедел-қызметтік іс-әрекеттерін кешенді тексеруге қатысу;

13) Департаменттің аудандық және қалалық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-практикалық қызметі мәселелері бойынша материалдар дайындау және семинар-кеңестер өткізу;

14) өрттердің есебін жүргізу;

15) мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;

16) жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Департаменттің қалалық және аудандық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру және іс-қимылын үйлестіру;

17) басқарманың құзыретіне кіретін мүдделі мемлекеттік органдармен табиғи апаттар бойынша жедел ақпаратпен өзара алмасуды қамтамасыз ету;

18) қауіпті табиғи құбылыстарға, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға мониторинг жүргізетін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және олардың болжамы;

19) объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді құру және олардың қызметі бойынша жұмысқа талдау жүргізу;

20) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

21) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмысын үйлестіру;

22) елді мекендерде және объектілерде өртпен күресуге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді және өртке қарсы ерікті құралымдардың дайындығын бақылауды жүзеге асыру;

23) өртке қарсы сумен жабдықтау мәлелелеріндегі қызметті үйлестіру;

24) өрттердің пайда болу себептері туралы қорытынды беру;

25) өрт шыққан жерлерге өрт-техникалық зерттеулер жүргізу, заттардың, материалдардың себеп-салдарлық байланысын анықтау бойынша, жабдықтарды және басқа да факторлардың пайда болуымен жану.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың, техникалық регламенттердің жобаларына ұсыныстар енгізу;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

3) Басқарма құзыретіне кіретін кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға;

5) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалған және лауазымнан босатылатын бастық Басқарманы басқарады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалған және лауазымнан босатылатын бастықтың орынбасары болады.
  4. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның
    өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

Басқарма бастығы басқару құрылымы мен штаттары бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар береді.

  1. Осы мақсатта Басқарма бастығы:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма бастығының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Басқарманың қызметін үйлестіреді;

2) басқарма бастығы болмаған кезеңде, міндеттерін орындау туралы шешімімен жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Басқарма бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.
  2. Осы Ережеге қажет болған жағдайда Басқарма өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 

Дата публикации
17 февраля 2026