ШЕШІМ 2026 жылғы 6 ақпандағы «Жүргізушілер» санаты бойынша бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің іріктеу комиссиясының отырысы

Өткізілген әңгімелесу, сондай-ақ кандидаттар ұсынған құжаттарды зерделеу нәтижелері бойынша, оның ішінде кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парақтарындағы деректерге сәйкес қабылдау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» Көкшетау қаласының оқу орталығына жіберіле отырып, кейіннен лауазымға тағайындала отырып, бастапқы кәсіптік даярлықтан өту үшін келесі кандидаттар ұсынылсын:

1) Думан Уразғалиұлы Жиенмурзин, СҚО ТЖД Петропавл қаласы ТЖБ               №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бар жалғыз үміткер –    43,4    балл);

2) Никита Андреевич Кириенко, СҚО ТЖД Шал ақын ауданы ТЖБ №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бар жалғыз үміткер –   48,8    балл);

Дата публикации
06 февраля 2026